Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 1237 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін:
      1) "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру";
      2) "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру";
      3) алып тасталды– Алматы қаласы әкімдігінің 20.12.2016 № 4/602 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді);
      4) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау";
      5) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу";
      6) "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау".
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Алматы қаласы әкімдігінің 20.12.2016 № 4/602 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
      2. Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2/347 "Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1047 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/635 қаулысымен
бекітілді

"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер
қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның
аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан-әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) жұмыс күні.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 3 (үш) сағат ішінде өтінішті ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімнің қызметкеріне орындауға береді;
      4) бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 12 (он екі) жұмыс күні ішінде қарайды, болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының қарары;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін тапсыру;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
      8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркейтін журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 3 (үш) сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің қызметкеріне орындауға береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 12 (он екі) жұмыс күні ішінде қарайды, болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес сәйкестендіру нөмірі және парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркеу жүргізеді;
      2) 1-үдеріс – қызмет алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1-шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің дұрыстығын порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту жөнінде порталмен хабарлама қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұраныстың нысанын шығару және де үлгі талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыруы, Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрінде сұраныс нысанына жалғау, сонымен қатар сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолымен тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт - порталда электрондық сандық қолы тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сонымен қатар сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық сандық қолы тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі аралығын) тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолымен расталмағандығына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкіметтің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау;
      9) 3-шарт – Стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіз болатын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      10) 6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкіметтің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнымен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолымен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара әрекеттері осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

  "Болашақ құрылыс учаскесі
астындағы жер қойнауында
пайдалы қазбалардың жоқтығы
немесе оның аз мөлшерде
екендігі туралы қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
1- қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында функционалдық өзара әрекеттері диаграммасы

      


      


  "Болашақ құрылыс учаскесі
астындағы жер қойнауында
пайдалы қазбалардың
жоқтығы
немесе оның аз мөлшерде
екендігі туралы қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
2 – қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      


  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/635 қаулысымен
бекітілді

"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға,
сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын
орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан-әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 9 (тоғыз) жұмыс күні.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 3 (үш) сағат ішінде өтінішті ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және бөлімнің қызметкеріне орындауға береді;
      4) бөлімнің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсатқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) қызмет қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) қызмет қызметті беруші басшысының қарары;
      3) қызмет қызметті беруші басшысы орынбасарының қарары;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін тапсыру;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 3 (үш) сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің қызметкеріне орындауға береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсатқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес сәйкестендіру нөмірі және парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркеу жүргізеді;
      2) 1-үдеріс – қызмет алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1-шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің дұрыстығын порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту жөнінде порталмен хабарлама қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұраныстың нысанын шығару және де үлгі талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыруы, Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрінде сұраныс нысанына жалғау, сонымен қатар сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолымен тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда электрондық сандық қолы тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сонымен қатар сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық сандық қолы тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі аралығын) тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолымен расталмағандығына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау;
      9) 3-шарт – Стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіз болатын көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген құжаттарының сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнымен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолымен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
      10. портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттері осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

  "Пайдалы қазбалар жатқан
алаңдарда құрылыс салуға,
сондай-ақ жинақталған
жерлерде жерасты
құрылыстарын
орналастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету
регламентіне
1- қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында функционалдық
өзара әрекеттері диаграммасы

      


      


  "Пайдалы қазбалар жатқан
алаңдарда құрылыс салуға,
сондай-ақ жинақталған
жерлерде жерасты
құрылыстарын орналастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету
регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


      


  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/635 қаулысымен бекітілді

"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға
келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент алып тасталды– Алматы қаласы әкімдігінің 20.12.2016 № 4/602 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/635 қаулысымен бекітілді

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге
келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) жұмыс күні.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 3 (үш) сағат ішінде өтінішті ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және бөлімнің қызметкеріне орындауға береді;
      4) бөлімнің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарайды, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды.
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшартқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      6. Рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі келесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының қарары;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін жіберу;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және басқа да құжаттарды 3 (үш) сағат ішінде қарайды және бөлімінің қызметкеріне орындауға береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарайды, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды.
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшартқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында осы Регламенттің қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

  "Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу,
тіркеу және сақтау" мемлекеттік
қызметін көрсету регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы

      


  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/635 қаулысымен бекітілді

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру,
барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін
берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған
сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес сервитуттарды мемлекеттік тіркеу үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) күн.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 3 (үш) сағат ішінде өтінішті ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және бөлімнің қызметкеріне орындауға береді;
      4) бөлімнің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде қарайды, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хатқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      6. Рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі келесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының қарары;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін жіберу;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 3 (үш) сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкеріне орындауға береді;
      4) бөлімнің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде қарайды, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хатқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау
және өндіру,барлаумен және өндірумен байланысты
емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе)
пайдалану үшін берілген жер қойнауының
учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу"
мемлекеттік ызметін көрсету регламентіне
қосымша

      


      


  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/635 қаулысымен бекітілді

"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу
және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт; Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеудің мемлекеттік актісі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 3 (үш) сағат ішінде өтінішті ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және бөлімнің қызметкеріне орындауға береді;
      4) бөлімнің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарайды, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      6. Рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі келесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының қарары;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін жіберу;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 3 (үш) сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкеріне орындауға береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарайды, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жобасына бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Барлаумен немесе өндірумен байланысты
емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және
сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша