РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 173 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн «Үздiк педагог» атағын беру және мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау»;
2) «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619
қаулысымен бекiтiлдi
«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу
үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - «Үздiк педагог» атағын беру, куәлiк, төсбелгi тапсыру және 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сыйақы төлеу.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – қағаз түрiнде.
4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
1) аудандық конкурстық комиссиясының көрсетілетін қызметті алушыдан конкурстың І кезеңіне (аудандық) қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау, рәсімнің ұзақтығы – 20 минут;
2) қалалық конкурстық комиссиясының аудандық конкурстық комиссиясы ұсынған құжаттар мен І кезең (аудан) жеңімпаздарының ІІ кезеңге (қалалық) қатысуы үшін ұсынымын қабылдау, рәсімнің ұзақтығы – 20 минут;
3) республикалық конкурстық комиссиясының қалалық конкурстық комиссиясы ұсынған құжаттар мен ІІ кезең (қалалық) жеңімпаздарының ІІІ кезеңге (республикалық) қатысуы үшін ұсынымын қабылдау, рәсімнің ұзақтығы – 20 минут;
4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң, рәсімнің ұзақтығы – жыл сайын 30 қыркүйекке дейін.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) Аудандық конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың кәсiби қызметтегi жетiстiктерiн бағалау үшін отырысын жүргізу және конкурстың І кезеңі (аудандық) жеңімпазын анықтауы, рәсімнің ұзақтығы – жыл сайын 1 сәуірден 30 сәуірге дейін;
2) қалалық конкурстық комиссиясының аудандық конкурстық комиссиясы ұсынған құжаттар мен І кезең (аудан) жеңімпаздарының ІІ кезеңге (қалалық) қатысуы үшін ұсынымын қарауы, рәсімнің ұзақтығы – жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейін;
3) республикалық конкурстық комиссиясының қалалық конкурстық комиссиясы ұсынған ұсыным мен ІІ кезең (қалалық) жеңімпаздарының жетістіктерін қарауы, рәсімнің ұзақтығы – жыл сайын 30 қыркүйекке дейін;
4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы – жыл сайын 30 қыркүйекке дейін.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
аудандық конкурстық комиссия;
қалалық конкурстық комиссия;
республикалық конкурстық комиссия.
9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара рәсiм(іс-қимыл) тәртiбiнің сипаттамасы:
1) аудандық конкурстық комиссия көрсетілетін қызметті алушыдан конкурстың І кезеңіне (аудандық) қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттарды қарайтын және конкурсқа қатысушылардың кәсіптік қызметтегі жетістіктерін бағалап, отырысын өткізеді, отырыстың қорытындысы бойынша конкурстың І кезеңінің (аудандық) жеңімпазын анықтайды, содан кейін қалалық конкурстық комиссияның қарауына конкурстың І кезеңі (аудандық) жеңімпазының конкурстың ІІ (қалалық) кезеңіне қатысуы үшін ұсынымды жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 1 сәуірден 30 сәуірге дейін;
2) қалалық конкурстық комиссия құжаттар мен конкурстың І кезеңінің (аудандық) жеңімпаздарының конкурстың ІІ кезеңіне (қалалық) қатысу үшін ұсынымдар келіп түскеннен кейін, ұсынылған ұсынымдарды қарайтын отырысын өткізеді және конкурстың І кезеңі (аудандық) жеңімпаздарының кәсіптік қызметтегі жеттістіктерін бағалайды, отырыс қорытындысы бойынша конкурстың ІІ кезеңінің (қалалық) жеңімпазын анықтайды, содан кейін республикалық конкурстық комиссияның қарауына конкурстың ІІ кезеңі (қалалық) жеңімпазының конкурстың ІІІ (республикалық) кезеңіне қатысуы үшін ұсынымды жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 1 мамырдан 31 мамырға дейін;
3) республикалық конкурстық комиссия құжаттар мен конкурстың ІІ кезеңінің (қалалық) жеңімпаздарының конкурстың ІІІ кезеңіне (республикалық) қатысу үшін ұсынымдар келіп түскеннен кейін, ұсынылған ұсынымдарды қарайтын отырысын өткізеді және конкурстың ІІ кезеңі (қалалық) жеңімпаздарының кәсіптік қызметтегі жеттістіктерін бағалайды, отырыс қорытындысы бойынша конкурстың ІІІ кезеңі (республикалық) жеңімпазын анықтайды, «Үздiк педагог» атағын береді, куәлiкті, төсбелгiні тапсырады және 1000 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сыйақы төлейді, рәсімнің ұзақтығы - жыл сайын 30 қыркүйекке дейін.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үш кезеңнен тұрады.
I кезең – бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуiрге дейiн;
II кезең – аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң өкiлдерi алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық бiлiм басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейiн;
III кезең – облыстық бiлiм басқармалары, Республикалық мектептер өкiлдерi Министрлiкке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейiн.
құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Үздiк педагог» атағын беру
конкурсына қатысу үшiн құжаттар
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/619
қаулысымен бекiтiлдi
«Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары
лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн
құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемесiнiң басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы конкурстық комиссияның шешiмi болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – қағаз түрiнде.
4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу, рәсімнің ұзақтығы - 20 минут;
2) конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгiн бағалау, білік талаптарына талаптарына сай келетін кандидаттармен әңгiмелесулер өткiзу рәсімнің ұзақтығы – күнтізбелік 30 күн.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) конкурқа қатысу туралы өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген белгi соғу;
2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесін беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясы.
9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара рәсiм (іс-қимыл) тәртiбiнің сипаттамасы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы өтінішті тіркеуді жүзеге асырады құжаттарды қабылдау кезінде конкурқа қатысу туралы өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлген белгiні соғады және көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясына қарауға береді, рәсімнің ұзақтығы - 20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің конкурстық комиссиясы:
құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде комиссия қатысушылардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалауды жүргiзедi, бағалаудың қорытындысы бойынша дауыс беру жолымен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кандидаттардың тiзiмiн бекiту туралы және (немесе) әңгiмелесуге жiберуден бас тарту туралы шешiмдер қабылдайды;
кандидаттардың тiзiмiн бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысушыларды кандидат ретiнде бекiту туралы, әңгiмелесу өтетiн күн, уақыты және орыны туралы хабардар етедi және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысушыларды әңгiмелесуге жiберуден бас тарту туралы хабардар етедi;
бір жұмыс күнi iшiнде кандидаттармен лауазымға функционалдық мiндеттердi орындауына қажеттi кәсiби бiлiмдерiн анықтау мақсатында
әңгiмелесу жүргiзеді;
әңгімелесуден кейін бір жұмыс күнi iшiнде кандидаттардың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен кандидаттың біреуінің орта бiлiм беру мекемесiнiң басшысының бос лауазымының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы шешiм қабылдайды және қорытынды конкурстың хаттамасын әзірлейді;
әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оның нәтижелерi туралы жазбаша хабарлайды және хабарламамен бiрге кандидаттарға көрсетілетін қызметті берушінің мөрiмен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшiрмесi жiберiледi;
конкурстық iрiктеудiң қорытындылары бойынша ұйымның басшысына конкурстың жеңiмпазын орта бiлiм беру мекемесi басшысының лауазымына қабылдау туралы ұсыныммен қоса комиссияның шешiмiн енгiзедi.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң
басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына
қатысу үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша