Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекiту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/542 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қазанда № 1210 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 «Орта бiлiм беру саласында жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
      2) «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
      3) «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі            Б. Байбек

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары
бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi(бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
      2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электронды, қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды, қағаз түрiнде.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде нәтижесi қағаз жеткiзгiште ресiмделедi.
      ЭҮП арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында бiлiм беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келедi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
      5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:
      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО);
      2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН);
      3) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсыру үшiн арналған жүйе;
      4) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi – БНАЖ) – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;
      5) ЖАО АЖ – жергiлiктi атқарушы орган ақпараттық жүйесi;
      6) ЖАО - жергiлiктi атқарушы орган – мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
      7) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) – жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;
      8) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;
      9) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үдерісiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      10) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;
      11) электрондық мемлекеттiк қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық үлгiде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;
      13) «электрондық үкiмет» шлюзі (бұдан әрi - ЭҮШ) – электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiру үшiн арналған ақпараттық жүйе;
      14) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮАШ) – электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      6. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтiнiштi тiркеу, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:
      оқудың күндiзгi және кешкi нысанына – 30 тамыздан кешiктiрмей;
      бiрiншi сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.
      8. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және құжаттарды ұсынуы;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiшті мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады, рәсiмнiң ұзақтығы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:
      оқудың күндiзгi және кешкi нысанына - 30 тамыздан кешiктiрмей;
      бiрiншi сыныпқа - 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызмет берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгiнген кезде - қолхат алу үшiн бес жұмыс күнi;
      бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:
      оқудың күндiзгi және кешкi нысанына - 30 тамыздан кешiктiрмей;
      бiрiншi сыныпқа - 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      12. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
      13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

4. Өзара әрекет тәртiбiнің, сондай-ақ мемлекеттiк
қызмет көрсету процесiнде ақпараттық
жүйелердi қолдану тәртiбiнің сипаттамасы

      14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алуышының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлiгiнiң (егер 2008 жылдан кейiн туылса) деректерi туралы мәлiметтердi «электронды үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭҮП арқылы жүгiнген кезде «жеке кабинетiне» ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
      15. ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнің сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және пароль арқылы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЖСН мен парольдi ЭҮП енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);
      3) 1 шарт – ЭҮП тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы мәлiметтердiң түпнұсқалылығын ЖСН мен пароль арқылытексеру;
      4) 2 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзылушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2 шарт – ЭҮП ЭЦҚ-дың тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы АЭҮШ АЖО-на электронды құжатты (тапсырысты) жiберу;
      9) 6 үдерiс – электронды құжатты АЭҮШ АЖО-на тiркеу;
      10) 3 шарт – тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi (өңдеуi);
      11) 7 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзылушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының АЭҮШ АЖО қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi қолхат) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптасады, көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады).
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң диаграммасы осы Регламенттiң 2 қосымшасында көрсетiлген.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
 

ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге
тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестігінің диаграммасы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқытуға рұқсат
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіарқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөнiндегi көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының көшiрмесi немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хат болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы арқылыкөрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің маманының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi,рәсiмнiң ұзақтығы -13 жұмыс күні;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру,рәсiмнiң ұзақтығы -1 жұмыс күні.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн беруі;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысыныңкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қоюы;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасындағы өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызметті берушiнiң маманына орындау үшiн береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 сағат;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің маманы құжаттардың толықтығын тексереді, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөнiндегi көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының көшiрмесiн немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойдырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ХҚКО-ның қызметкеріне беру үшін мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 13 жұмыс күні;
      4) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасыкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО-ның қызметкеріне береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күні.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) құжаттар топтамасын ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнi;
      ХҚКО-на өтiнiш берген қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудан өту үшiн өтiнiштi ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешiктiрмей бередi.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен
өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы

      12. ХҚКО-ға жүгiну тәртiбiнің, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығының сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды ХҚКО-ның қызметкеріне тапсырады, құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға: сұратуды қабылдау нөмiрi мен күнiн, сұратылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн, қоса берiлген құжаттар саны мен атауын, құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орнын, құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған ХҚКО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) көрсете отырып, Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      2) ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ХҚКО-ның жинақтаушы бөлiмiне көрсетілетен қызметті берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 сағат;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің маманы құжаттардың толықтығын тексереді, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөнiндегi көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрығының көшiрмесiн немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойдырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ХҚКО-ның қызметкеріне беру үшін мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасынабереді,рәсiмнiң ұзақтығы - 13 жұмыс күні;
      6) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасыкөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО-ның қызметкеріне береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күні;
      7) ХҚКО-ның қызметкерікөрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiнкөрсетілетін қызметті алушыға бередi,рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут.
      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi берушi мен ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.
      Көрсетiлген қызметтi берушiнiң қызметкерi мемлекеттiк ақпараттық жүйеде тұрған Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейiн шығарылған жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар, туу туралы куәлiк туралы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхаттың негiзiнде, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты (немесе оның өкiлiнiң нотариалды расталған сенiмхатын) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚКО көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң бiр ай мерзiм бойында сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жiбередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн хабарласқан жағдайда ХҚКО-ның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн бiр жұмыс күнiнiң iшiнде ХҚКО-на жiбередi.
      13. Стандартының 9 тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
      15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ХҚКО-да Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiледi, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «брондауға» болады.

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығ

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен өтінішті тіркеу және құжаттарды қабылдау, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі, рәсімнің ұзақтығы – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін ресімдеуі, рәсімнің ұзақтығы – 13 жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін беру;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы арқылытехникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың телнұсқасына қол қоюы;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесін беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды,рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойдырады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына береді, рәсімнің ұзақтығы – 13 жұмыс күні;
      4) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға береді, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға өтiнiш берген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күнi;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы

      12. ХҚКО-ға жүгiну тәртiбiн, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығының сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды ХҚКО-ның қызметкеріне тапсырады, құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға: сұратуды қабылдау нөмiрi мен күнiн, сұратылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн, қоса берiлген құжаттар саны мен атауын, құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орнын, құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған ХҚКО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) көрсете отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      2) ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ХҚКО-ның жинақтаушы бөлiмiне көрсетілетен қызметті берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды,рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы – 1 сағат;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойдырады, содан кейін ХҚКО-ның қызметкеріне беру үшін мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына береді, рәсімнің ұзақтығы – 13 жұмыс күні;
      6) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын ХҚКО-ның қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні.
      7) ХҚКО-ның қызметкері негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде тұрған Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейiн шығарылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәлiктер туралы мәлiметтi көрсетiлген қызметтi берушiнiң қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      ХҚКО нәтиженiң бiр ай мерзiм iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жiбередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн хабарласқан жағдайда, ХҚКО-ның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн бiр жұмыс күнiнiң iшiнде ХҚКО-ға жiбередi.
      13. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
      15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
      Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «броньдау» мүмкiндiгi бар.

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы