Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт» туралы Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1 разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»;
2) «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру».
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 2/221 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1035 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 7 сәуірдегі №2/221 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 4/836 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1095 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 3/476 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне
кандидат, 1 разрядты спортшы cпорттық разрядтар
және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi
бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi
орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi
біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1 разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық разрядты беру, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі, немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
көрсетілген қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1 разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» туралы Стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі (15 минут);
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызмет алушының өтінішіне бұрыштама қойып, көрсетілетін қызметті берушінің маманына қарауға береді (15 минут);
3) көрсетілетін қызметті беруші маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі (30 күнтізбелік күн);
4) маманның мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін ХҚО қызметкеріне беруі (күніне 1 рет).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі келесі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болады:
1) өтінішті қабылдағаны туралы талон беру және құжаттарды басшыға жіберу;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштама қоюы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесіне қол қою және беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
көрсетілген қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің іс-қимылдың ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді, бұл жағдайда өтініштің оң жақ бұрышына кіріс нөмірі мен түскен күні көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін маманға орындау үшін береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ХҚО қызметкеріне тізілімге сәйкес қол қойылып күніне 1 (бір) рет беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруді - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және ХҚО-ға құжаттар топтамасын берген сәттен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ХҚО-ға ұсынады.
4. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану
тәртібін сипаттау
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ХҚО-да – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасап, сосын түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызмет беруші және ХҚО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын бермеген жағдайда ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
ХҚО мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілген қызметті алушы бір ай өткеннен кейін хабарласса, ХҚО сұрауы бойынша көрсетілген қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интерет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы анықтама қызметінен алуға болады.
12. ХҚО-да дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті көрсеткен жағдайда (болмаса оның өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхатын көрсеткен жағдайда) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне
кандидат, 1 разрядты спортшы cпорттық разрядтар
және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi
бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт
төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне
кандидат, 1 разрядты спортшы cпорттық разрядтар
және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi
бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi
санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 3/476 қаулысымен бекітілген
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу
туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:
1) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі - ЭЦҚ);
2) халыққа қызмет көрсету орталығы - Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы (бұдан әрі - ХҚО);
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрі - ЖСН);
4) «электрондық үкімет» шлюзы- электрондық қызметті іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
5) ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жұмыс орны - Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» шлюзы жүйесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орны бөлігі - (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ МО АЖО).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетунәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - аккредиттeу куәлігі, аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлел жауап;
2) порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ куәландырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініші және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы қабылданған құжаттар негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қабылдауы және өтінішті тіркеуі 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына жібереді 15 (он бес) минут;
3) өтінішті қарау, ұсынылған құжаттарды тексеру және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу:
аккредиттеу туралы куәлік беру – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу –5 (бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) күнтізбелік күн.
4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру 15 (он бес) минут.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтінішті тіркеу және құжаттарды басшыға беру;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші басшының бұрыштама қоюы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;
4) қол қою және мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін орындау үшін маманға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді:
аккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) күнтізбелік күн.
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде береді.
9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда,дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-14.00 түскі үзіліспен, сағат 9.00-18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағында белгіленген және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап:
аккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) күнтізбелік күнді құрайды.
4. ХҚО-мен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасаудың
тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Жүгіну тәртібін және портал, диаграмма арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН, сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;
2) 1 процесс – мемлекеттік қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және паролін (авторизациялау процесі) енгізу процесі;
3) 1 шарт – порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2 процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығаруы және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыруы, қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекітуі, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2 шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
7) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрауды өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ХҚО ЫАЖ МО АЖО-на жолдауы;
9) 6 процесс – осы Регламенттің 5 тармағының 2) -4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру;
10) 7 процесс – күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін ХҚО-да (тізімдемесін) алу.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығының, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жасаудың тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Жергілікті спорт федерацияларына
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге
тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық
өзара іс-қимыл жасауының диаграммасы
«Жергілікті спорт федерацияларына
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу
туралы куәлік беру»мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы