Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/342 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1048 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 мамырдағы №2/342 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қазандағы №4/839 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1096 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3. Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 3/461 қаулысымен бекітілген
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
2. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) оралман мәртебесін алу үшін алғаш рет жүгінген жағдайда - шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызмет берушіге, ХҚО-ға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толық топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушіде, ХҚО-да –көрсетілетін қызметті алушыға (алушыларға) оралман куәлігін (куәліктерін) беру, немесе құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (алушылардан) Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды алуы негіз болып табылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің тіркелгені туралы хабарлама беріледі.
Құжаттар топтамасы толық көлемде ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхат немесе хабарламаны беру – 15 минут.
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы «Оралман» деректер қоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзезе асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушылар туралы деректерді ААЖ-ға енгізуі – 15 минут;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының өтінішті тіркеуі – 15 минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы іс материалдарымен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін бұрыштама;
6) көрсетілетін қызметті беруші маманының материалдарды оралман мәртебесін беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына дайындауы – 3 жұмыс күні;
7) комиссияның құжаттарды сәйкестік тұрғысында қарауы – 15 минут;
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға (алушыларға) оралман мәртебесін беруі туралы ұсыныс. Оралман мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күнінің ішінде дәлелді жауап жолданады;
8) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі – 2 жұмыс күні;
9) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін) беруі – 15 минут.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
4) комиссия.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен көрсетілетін қызметті алушының арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі тіркейді және бұрыштама қою үшін басшылыққа жібереді – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды орындау үшін маманға жібереді – 15 минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы материалдар дайындайды және оларды комиссияның қарауына ұсынады – 3 жұмыс күні;
5) комиссия іс материалдарын қарайды және оралман мәртебесін беру туралы ұсыныс шығарады – 15 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді, тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы мөрі басылады – 2 жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді – 15 минут.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің ХҚО-мен
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
11. ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек арқылы операциялық залда ХҚО операторына Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және құжаттар топтамасын тапсырады;
2) 1 процесс – қызмет көрсету үшін ХҚО операторының ХҚО ақпараттық жүйесінің автоматттандырылған жұмыс орынға логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
3) 2 процесс – ХҚО операторының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
4) 1 шарт –ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушы тіркеген Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі;
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кездеқабылданған өтініш ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЫАЖ) тіркеледі, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы штрих-коды бар қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО операторы Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
5) 3 процесс - құжаттар топтамасымен бірге өтінішті қалыптастыру және көрсетілетін қызметті берушіге берілетін құжаттардың тізілімін 2 данада жасау;
6) 4 процесс – ХҚО операторының көрсетілетін қызметті берушіге тізілімінің екі дамасымен бірге құжаттар топтамасын курьерлік қызмет арқылы жолдауы;
Тізілімнің екінші данасы көрсетілетін қызметті берушінің алғаны туралы белгісімен ХҚО-ға қайтарылады.
7) 5 процесс –көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеуі, өңдеуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді жүргізуі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін) ресімдеуі;
8) 6 процесс – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 4 тармағында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен бірге ХҚО-ға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін) курьерлік қызмет арқылы жолдауы;
9) көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (оралман куәлігін) алуы.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін) беру кезінде ХҚО операторы сканирлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды. Сканирлеу жүргізілгеннен кейін ХҚО ЫАЖ-да автоматты түрде іздеу жүргізіледі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін берген өтінімі тексеріледі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылыныңтолық сипаттамасы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Оралман мәртебесін беру туралы»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 қосымша