Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 200 «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
2) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
3) «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» 2014 жылғы 31 қазандағы № 4/909 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1109 болып тiркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған);
2) Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 31 қазандағы № 4/910 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1110 болып тiркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 08 шілдедегі
№ 3/428 қаулысымен бекітілді
«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі№ 200 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының қызметкерімен құжаттарды қабылдау, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса ұсынып көрсетілетін қызметті берушiге бередi, рәсімнің ұзақтығы - 5 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтiнiш пен құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушының деректерiн жазады, өтiнiштi «Оқуға түсушiлердi бiлiм алушылардың қатарына тiркеу кiтабына» тiркейді, көрсетілетін қызметті алушының жеке iсiн қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, рәсімнің ұзақтығы - 10 минут.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 08 шілдедегі
№ 3/428 қаулысымен бекітілді
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының жатақханасы бар техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті беруші оқу бөлімінің қызметкерімен құжаттарды қабылдау,рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жатақхана беру жөніндегі комиссиясының келіп түскен құжаттардың толықтығын тексеру, көрсетілетін қызметту алушының мағұлматтарын зерттеуі, шешім қабылдау, рәсімнің ұзақтығы - 6 жұмыс күнi;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру,рәсімнің ұзақтығы - 1 жұмыс күнi.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдамаға қол қою;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің жатақхана беру жөніндегі комиссиясы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушiге Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажеттi құжаттарды қоса отырып, Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiде өтiнiш бередi, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері құжаттарды қабылдауды, тексерудуі, тiркеуді, құжаттарды қабылдағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жатақхана беру жөніндегі комиссиясына тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жатақхана беру жөніндегі комиссиясы келiп түскен құжаттарды қарайды және мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiм қабылдайды, рәсімнің ұзақтығы - 6 жұмыс күнi;
4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жатақхана беру жөніндегі комиссиясы шешiм қабылдағаннан кейін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жiбередi, рәсімнің ұзақтығы -1 жұмыс күнi;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдамаға қол қояды, рәсімнің ұзақтығы - 1 жұмыс күнi;
6) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi, рәсімнің ұзақтығы - 1 жұмыс күнiнен артық емес.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап– 10 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында білім алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 08 шілдедегі
№ 3/428 қаулысымен бекітілді
«Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) ХКО-ның қызметкерімен немесе көрсетілетін қызметті беруші оқу бөлімінің қызметкерімен өтінішті тіркеу және құжаттарды қабылдау, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасысымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін ресімдеуі, рәсімнің ұзақтығы – күнтізбелік 27 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін беру;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың телнұсқасына қол қоюы;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойдырады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы –27 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға береді, рәсімнің ұзақтығы – 27 жұмыс күні.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 күнтізбелік күн;
ХҚО-ға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, ХҚО-да – 15 минут;
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
12. ХҚО жүгiну тәртiбiн, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығын сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9–тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды ХҚО инспекторына тапсырады, құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға: сұратуды қабылдау нөмiрi мен күнiн, сұратылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн, қоса берiлген құжаттар саны мен атауын, құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орнын, құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған ХҚО қызметкерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) көрсете отырып, Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) ХҚО инспекторы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және 2 (екi) күнтiзбелiк күн iшiнде ХҚО жинақтаушы бөлiмiне көрсетілетен қызметті берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды,рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін береді, рәсімнің ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қойдырады, содан кейін ХҚО-ның қызметкеріне беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкеріне береді, рәсімнің ұзақтығы – 27 жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі қызметкері техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын ХҚО-ның қызметкеріне береді;
7) ХҚО инспекторы техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға бередi.
ХҚО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға дайын құжаттарды жібереді.
Мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың мәліметтерін ХҚО қызметкері «Электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО беретін нысан бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң(iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
«Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша