Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 174 «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
2) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
3) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
4) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
5) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы
әкімінің міндетін атқарушы Ю. Ильин
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 3/437 қаулысымен бекітілді
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру
және оларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету»мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген жазбаша қорытынды болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет
тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен құжаттарды қабылдау және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының қарауына беру, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы - 1 сағат.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуі және тексеруі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген жазбаша қорытындыны беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарына береді, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары ұсынылған құжаттарды қарайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді және консультация беруді жүргізеді, кейін көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген жазбаша қорытындыны береді, рәсімнің ұзақтығы - 1 сағат, алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәтінен бастап, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді күту – күнтізбелік 30 күн.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) алдын ала жазылу журналына тіркелу – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәтінен бастап, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді күту – күнтізбелік 30 күн;
3) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді өткізу – 1 (бір) сағат;
4) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетiлетiн қызметтi беруші арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, жүзеге асырылады.
Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
психологиялық-медициналық-педагогикалықтексеру
және оларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 3/437 қаулысымен бекітілді
«Дамуында проблемалары бар балалар мен
жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік
бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің құжаттарды қабылдауы, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беру, рәсімнің ұзақтығы - 60 минут.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясына беру;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясына береді, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтаманы береді, рәсімнің ұзақтығы - 60 минут.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 60 минут;
мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетiлетiн қызметтi беруші арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, жүзеге асырылады.
Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Дамуында проблемалары бар балалар
мен жасөспірімдерді оңалту және
әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 3/437 қаулысымен бекітілді
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп
отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрибелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі қорытынды болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарының қарауына құжаттарды беру, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
3) мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы - 60 минут.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің құжаттарды қабылдауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарымен психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу;
3) мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша қорытындыны беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріқұжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандарына береді, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті берушінің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары ұсынылған құжаттарды қарайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрибелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша қорытындыны береді, рәсімнің ұзақтығы – 60 минут.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырылған сәтінен бастап 60 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетiлетiн қызметтi беруші арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
тәрбиелеп отырған отбасыларға
консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 3/437 қаулысымен бекітілді
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке
тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына құжаттарды беруі, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы – 3 жұмыс күні.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің құжаттарды қабылдауы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхатты (еркін нысанда) береді, рәсімнің ұзақтығы – 3 жұмыс күні.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарына денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 3/437 қаулысымен бекітілді
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі
балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы
білім беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына құжаттарды беруі, рәсімнің ұзақтығы – 15 минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру, рәсімнің ұзақтығы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа – 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің құжаттарды қабылдауы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтініш түскен соң мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мынадай мәлiметтердi көрсетiп, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi: сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұралатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берiлетiн күнi (уақыты) және орны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң аты-жөнi әкесiнiң аты және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады, рәсімнің ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады, рәсімнің ұзақтығы - 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа – 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында;
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа – 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында.
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетiлетiн қызметтi берушімен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі
балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы
білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы
