1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы";
2) "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе Алматы қаласының жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру".
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 мамырдағы №2/341 (нормативтік құқықтық актілерді мелекеттік тіркеу Тізілімінде № 1045 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/341 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы №4/893 (нормативтік құқықтық актілерді мелекеттік тіркеу Тізілімінде № 1108 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3. Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 2/404 қаулысымен бекітілген |
"Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға
тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй
қорынан берілген тұрғын үйдің немесе Алматы
қаласының жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын
үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы)
туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мекенжайы мен телефондары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет нәтижесі: мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтиежесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Көрсетілетін қызметті берушінің Көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті (Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша) және Стандарттың 9 тармағымен қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қажетті құжаттарды қабылдауы негіз болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің өтінішті және құжаттарды қабылдауы (15 минут);
2) Көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы және Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беруі;
3) Көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қоюы;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
4) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен таныстыру және нәтиже жобасына қол қою;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесінің екінші данасына қол қою.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасары;
3) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсеу мерзімі – 10 жұмыс күні.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) ретін сипаттау:
1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ол құжаттардың толық болуының Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру.
Қабылданған өтініш кіріс хат-хабарларды (өтініштерді) есепке алу базасында тіркеледі, Көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе басшының орынбасарының қарауына енгізіледі;
3) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасары құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны белгілейді және орындау үшін кеңсе бөліміне береді;
4) өтініш пен құжаттарды кеңсе бөлімінен жауапты орындаушыға қарау үшін беру;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау және Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе басшының орынбасарына қол қоюға жіберу;
6) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қою қою, әрі қарай тіркеу үшін кеңсе бөліміне беру;
7) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көретілген.
Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының
мекенжайы және жұмыс кестесі
№ р/с | атауы | мекенжайы | телефон нөмірлері | жұмыс кестесі |
| "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Жароков көшесі, 215 | 380-04-99, 380-05-06 | дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13-00 – 14-00 |
"Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты
пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің
немесе Алматы қаласының жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй
қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 2/404 қаулысымен бекітілген |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органы
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке
алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы
жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру
туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген."Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Көрсетілетін қызметті беруші "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, мекенжайы мен телефондары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) тізбесі осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) "электрондық үкiмет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 10 тармағында қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін:Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш және Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қоса тіркеу;
портал арқылы жүгінген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу негіз болып табылады.
Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі (15 минут);
2) Көрсетілетін қызметті беруші маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі (30 күнтізбелік күн);
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация қызметкеріне беру.
Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжатты беру;
2) Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
4) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен таныстыру және нәтиже жобасына қол қою;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесінің екінші данасына қол қою.
Ескерту. 6 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасары;
3)Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімінің маманы.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) ЭҮП;
2) Электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭПШ);
3) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорацияның АЖ АЖО);
4) "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (бұдан әрі - ЭҮӨШ);
5) "Электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО);
6) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЖТ МДБ).
Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) ретін сипаттау:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ол Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексереді, журналға тіркейді және құжаттарды жинақтау бөлімінің қызметкеріне жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
Қабылданған өтініш кіріс хат-хабарларды (өтініштерді) есепке алу базасында тіркеледі, Көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе басшының орынбасарының қарауына енгізіледі;
3) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасары 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны белгілейді және әрі қарай орындаушыға – Көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді бөлу және құқық белгілеуші құжаттарды беру бөлімінің (бұдан әрі – есепке алу бөлімі) маманына жіберу үшін кеңсеге береді;
4) өтініш пен құжаттарды есепке алу бөлімінің маманына қарауға беру.
Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімінің маманы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімінің маманы материалдарды әрі қарай Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының қарауына бере отырып, тиісті қорытынды дайындайды.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда (толық ақпарат көрсетілмеген) Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімінің маманы Стандарттың 10 тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушыны мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді:
лауазымды тұлға - Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасарының қол қоюы үшін құжаттардың толық болмауына байланысты құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға қайтару туралы хаттың жобасын дайындау;
хатқа қол қою және тіркеу үшін Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу;
Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне құжаттардың толықсыздығын көрсете отырып, хат жолдау;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Көрсетілетін қызметті алушыға қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хатты беруі;
5) құжаттар 30 (отыз) күннің ішінде Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының қарауына енгізіледі, отырыстың нәтижелері бойынша тұрғын үй комиссиясы отырысының Көрсетілетін қызметті алушыны мұқтаждар есебіне қою немесе есепке қоюдан бас тарту туралы хаттамасы дайындалады;
6) Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімінің маманы қарау нәтижелері туралы хабарламаны дайындайды және есепке қою (есепке қою күні мен нөмірін көрсетіп) немесе негізделген себебін көрсете отырып, есепке қоюдан бас тарту туралы хабарламаны лауазымды тұлға - Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасары қол қоюы үшін береді;
7) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының орынбасары әрі қарай тиісінше тіркеу үшін кеңсеге беру арқылы есепке қою туралы хабарламаға немесе есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
8) хабарламаны Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және әрі қарай Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жіберу;
9) Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталуы - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны беруі.
Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау
Ескерту. Тарау атауы жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және Көрсетілетін қызметті беруші мен Көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) ретін сипаттау:
1) Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) көмегімен Порталда тіркеуден өтуі тиіс, Порталда тіркелмеген Көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады;
2) 1 процесс – Порталда Көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру (ЖСН және пароль), ақпараттық жүйеден қажетті ақпаратты сұрату;
3) 1-шарт – Көрсетілетін қызметті алушының криптографиялық қорғау құралын пайдалана отырып (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушының КҚҚП) куәландырушы орталықтың (бұдан әрі - КО) ақпараттық жүйесінде Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын және тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін тексеру;
4) 2 процесс – Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты немесе Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 процесс – Көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген сканирленген құжаттарды бекіту);
6) 4 процесс – Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанына (енгізілген мәліметтерді және сканирленген құжаттарды) қол қоюы;
7) 5 процесс – Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (Көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жолдау және Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімі маманының мемлекеттік қызметті өңдеуі;
8) 2 шарт – ақпараттық жүйеден келіп түскен мәліметтердің және сканирленген құжаттардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін Заңмен және Қағидалармен көзделген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру;
9) 6 процесс – құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, құжаттардың толық болмауына байланысты сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
10) 7 процесс – барлық қажетті құжаттар берілді, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы немесе Стандарттың 10 тармағына сәйкес бас тарту туралы тиісті анықтама дайындалады;
11) 8 процесс – құжаттар 30 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қарауына енгізіледі;
12) 9 процесс – Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімі маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы (азаматты тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы хабарлама немесе есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап). Электрондық құжат Көрсетілетін қызметті берушінің есепке алу бөлімі маманының ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қалыптастырылады және мемлекеттік Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе электрондық поштасына (өтініште көрсеткен жағдайда) жіберіледі;
Іс-қимылдардың дәйекті реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимылды көрсететін диаграмма осы Регламенттің 4 қосымшасында келтірілген.
10. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, Көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың көшірмелерін түсіріп алады, содан кейін түпнұсқаларды Көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Көрсетілетін қызметті алушы және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттады жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының:1414 нөмірі бойынша анықтамалық қызметінен алуға болады.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыру құжатын (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 11 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 29.04.2016 № 2/165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы мен жұмыс кестесі
№ р/с | Атауы | Мекенжайы | Телефон нөмірлері | Жұмыс кестесі |
| "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215 | 380-04-99 380-04-85 380-05-10 380-05-30 | сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ
Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы"
департаментінің аудандық бөлімдерінің мекенжайы және жұмыс кестесі
№ р/н | Атауы | Мекенжайы | Телефондар нөмірі | Жұмыс кестесі |
1 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Алатау аудандық бөлімі | Алматы қаласы, "Шаңырақ-2" ш/а., Жанқожа батыр көшесі, 24 | 395-36-11, 330-98-17, 395-36-10, 395-36-60 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
2 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Алмалы аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 | 378-09-10, 330-98-37, 378-02-52 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
3 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Әуезов аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 | 303-68-16, 303-68-25, 303-68-12 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
4 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Бостандық аудандық бөлімі | Алматы қаласы, "Алмагүл" ш/а.,9 -А | 396-25-59, 396-35-33 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
5 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Жетісу аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 | 330-72-43, 227-07-52 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
6 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Медеу аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 | 330-98-14, 239-65-48, 239-65-47, 386-92-03 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
7 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Түрксіб аудандық бөлімі | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9 | 234-09-27, 234-09-35, 234-09-27 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
8 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Наурызбай аудандық бөлімі | Алматы қаласы, "Ақжар" ш/а., Егінсу көшесі, 33 | 372-16-33, 372-16-34, 372-16-31, 372-16-32 | жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, (түскi үзiлiссіз) сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3 қосымша |
Мемлекеттік корпорация арқылы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының
жергілікті атқарушы органы жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы