2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 1157 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5).тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІ сессиясының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 218 «2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1043 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. . Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХХХVІІ сессиясының төрағасы          Ф. Константинов

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                 Қ. Қазанбаев

V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXХVІІ сессиясының
2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне
қосымша

2015 жылға арналған Алматы қаласы
бойынша жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрі

Өзендер, көлдер, теңіз-
дердің бассейн-
дері

Тұрғын үй пайда-
лану және
комму-
налдық
қызмет-
тер,
(теңге
/1000
тек.м)

Өнеркәсіп,
жылу
энерге-
тикасын
қосқан-
да,
(теңге
/1000
тек.м)

Ауыл
шаруа-
шылығы
(тең-
ге
/1000
тек.м)

Су көзде-
рінен
су
алуды
жүзеге
асыра-
тын
тоған
шаруа-
шылық-
тары,
(теңге
/1000
тек.м)

Балық шаруашы-
лығы,
су
көздері-
нен
балық
аулайтын
тұтынушы-
лар,
(теңге/килограмм)

Гидро-
энерге-
тика,
(теңге /
1кВт. сағат)

Су көлігі,
(теңге/
1000 тек. шақы-
рым)

Балқаш және Алакөл көлдерінің және өзендердің алаптары



90,1



248,7



71,53



68,41



177,3



26,42



7,77