1. Жұмыс орындарының квоталары:
қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
бас бостандығанан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Әутәліпов |