Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3734 тiркелген, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Заман тынысы" аудандық газетiнiң № 12, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Нива" аудандық газетiнiң № 12 жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер және толықтыру енгiзiлсiн:
10-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын.
9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге факт шығындар бойынша осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
9-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге факт шығындар бойынша осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 54 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10-тармағының 2) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталынсын;
11-тармағының 1) тармақшасындағы екінші абзацында "70" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын.
11-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталынсын;
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Баткеев |
Мәслихат хатшысы | Б. Оралов |