1. Качир ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 184/6 қаулысына қосымша |
Качир ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Атауы | Мемлекеттік білім беретін тапсырыс орындары | Мемлекеттік қаржыланды-рудың айлық өлшемі, теңге | Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Качир ауданы әкімдігінің, Качир ауданы білім бөлімінің "Балдаурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 95 (жергілікті бюджет) 47 (республикалық бюджет) | 30203 40642 | 6 жасқа дейін – 7040 6 жасқа дейін – 7040 |
2 | "Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылындағы "Ақ бота" балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 151 (жергілікті бюджет) | 19284 | 6 жасқа дейін – 7040 |
3 | "Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылы "Талбесік" бөбекжайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 90 (республикалық бюджет) | 38689 | 3 жасқа дейін – 5940 6 жасқа дейін – 7040 |
4 | "Песчан ауылдық округі әкімдігінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Песчан ауылындағы "Балдырған" бөбекханасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 90 (жергілікті бюджет) 60 (республикалық бюджет) | 36402 37649 | 3 жасқа дейін – 5936 6 жасқа дейін – 7343 3 жасқа дейін – 5936 6 жасқа дейін – 7343 |