1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 292/8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 болып тіркелді, 2014 жылғы 30 қазанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 252/8 қаулысымен бекітілген |
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 71/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Жалпы ережелер
1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, Павлодар облысының қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығы бөлімдерінің (бұдан әрі - бөлім) кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілеті
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде белгіленген нысандағы өтінім және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе қызметкері қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, бөлім басшысына жолдайды – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) бөлім басшысы құжаттарды қарастырады, бөлімнің жауапты маманын анықтайды және оған құжаттарды жолдайды – 30 (отыз) минуттан асыпайды;
3) бөлімнің жауапты маманы ұсынылған құжатттардың стандарт талаптарына сәйкестігін зерделейді, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен берілген өтінімдер арқылы субсидия алушылардың тізбесін, сонымен қатар тұқым шаруашылықтарының тізілімін құрастырады және қала немесе аудан әкіміне (бұдан әрі - әкім) бекітуге жібереді – 3 (үш) жұмыс күні;
4) әкім тізбені және тізілімді бекітеді, оларды бөлімге жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;
5) бөлімнің маманы әкім бекіткен тізілім мен тізбені көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізбе мен тізілімді қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 15 (он бес) минуттан аспайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыға жібереді – 30 (отыз) минуттан аспайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жиынтық актілерді құрастырады және бекітеді, субсидиялар көлемдерін анықтайды, шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомостерді құрастырады және бекітеді – 10 (он) жұмыс күні;
9) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің маманы субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын екі данада ұсынады – 8 (сегіз) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қиымылдардың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) ауыл шаруашылығы бөлімінің кеңсе қызметкері;
2) ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
3) бөлімнің жауапты маманы;
4) әкім;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсетумен Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар мен белгіленген нысан бойынша өтінім береді;
2) 1-процесс – қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына – (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрауды жіберу;
5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің бар болуын тексеру;
6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесін сипаттау:
1) 6-процесс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі (өңдеуі);
3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
| "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Уәкілетті органдардың атауы және олардың байланыс деректері
| Р/с № | Жұмыс органының атауы | Байланыс деректері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | "Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй, телефон: 8 (7182) 32-07-30 email: pavlodar_osh@mail.ru |
| 2. | "Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Екібастұз қаласы, 50 жылдық көшесі телефон: 8 (71877) 54237 email: otdel_osh@mail.ru |
| 3. | "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12-үй телефон: 8 (71837) 50572 email: 4108605@mail.ru |
| 4. | "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77-үй, телефон: 8 (71841) 21572 email: aktogai_sozprog@mail.ru |
| 5. | "Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 49-үй телефон: 8 (71840) 91245 email: baiandepselhoz@mail.ru |
| 6. | "Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Железин ауданы, Железинка ауылы, Придков көшесі, 13-үй телефон: 8 (71831) 22041 email: zhelselhoz@mail.kz |
| 7. | "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгембай көшесі, 97-үй телефон: 8 (71832) 21436 email: Ertis_osh@mail.ru |
| 8. | "Качир ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 236-үй телефон: 8 (71833) 21403 email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz |
| 9. | "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 13-үй телефон 8 (71839) 21051 email: selhoz_akku@mail.ru |
| 10. | "Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 24-үй телефон: 8 (71838) 91380 email: may_opish@mail.ru |
| 11. | "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй, 309-кеңсе,телефон: 8 (7182) 329867 email: defence6@rambler.ru |
| 12. | "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Успен ауданы, Успенка ауылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 30-үй телефон: 8 (71834) 91300 email: usposh@yandex.ru |
| 13. | "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 49-үй телефон: 8 (71836) 21191 email: opsxsharbakty@mail.ru |
| "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті
әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы
рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау масы
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1 | Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № | 1 | 2 | 3 | 4 |
| 2 | Бірлік атауы | Бөлімнің кеңсе қызметкері | Бөлім басшысы | Бөлімнің жауапты орындаушысы | Қала немесе аудан әкімі |
| 3 | Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы | Құжаттарды қабылдау, тіркеу, | Жауапты орындаушыны анықтау, бұрышама қою | Ұсынылған құжаттарының толықтығын, стандарттын талаптарына сәйкестігін тексеру | Тізбе мен тізілімді бекітеді |
| 4 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) | Бұрыштама қою үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды | Өтінішті және қоса берілген құжаттарды жауапты орындаушыға беру | Субсидия алушылардың, тізбесін, тұқым шаруашылықтарының тізілімін құрастырады, оларды бекіту үшін әкімдерге жібереді | Бөлімге жібереді |
| 5 | Орындау мерзімі | 15 (он бес) минуттан аспайды | 30 (отыз) минуттан аспайды | 3 (үш) жұмыс күні | 2 (екі) жұмыс күні |
| Өтінішті қараудың жалпы мерзімі – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні | |||||
| 7 | 8 | 8 | 9 | 10 |
| 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| Бөлімнің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің маманы |
| Әкім бекіткен тізбе мен тізілімді қабылдайды | Тізбе мен тізілімді қабылдайды және тіркейді | Құжаттарды қарайды | Жиынтық актілерді құрастырады, бекітеді, субсидиялар көлемдерін анықтайды, шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеу үшін жиынтық ведомостерді құрастырады және бекітеді | Құжаттарды қабылдайды |
| Ккөрсетілетін қызметті алушыға жібереді | Басшыға жолдайды | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жіберу | Көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөліміне құжаттарды жіберу | Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады |
| 3 (үш) жұмыс күні | 15 (он бес) минуттан аспайды | 30 (отыз) минуттан аспайды | 10 (он) жұмыс күні | 8 (сегіз) жұмыс күні |
| Өтінішті қараудың жалпы мерзімі – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні | ||||
| "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік
қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
