"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 254/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте № 4735 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 270/8 қаулысында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды):
      1-тармақтын 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы
№ 254/8 қаулысымен
бекітілген

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының
және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 28.06.2018 № 28.06.2018 № 236/5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – бөлім);

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама жолданады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама "жеке кабинетіне" жолданады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен жүгінуі болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және олардың орындалу ұзақтығы:

      көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 11 (он бір) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 30 (отыз) минут;

      көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады;

      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы бөлім басшысымен бекітілген тізімді, қабылдау актісін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) ұсынады не көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы құжаттарды сәйкестілігі тұрғысына зерделейді және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) жиынтық тізілімін жасайды, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманына жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін тізімдеме және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі – банктік шоттарға тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы;

      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы;

      7) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4-тарау. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілген қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады;

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      1-процесс – мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді, көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына қарауға жолдайды;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты маманды анықтайды;

      4-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы құжаттарды зерделейді және бөлім басшысына жолдайды не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;

      5-процесс – бөлім басшысы АШТӨ-дің тізімін қарайды және бекітеді;

      6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы басқармаға тиісті құжаттарды ұсынады;

      7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі ұсынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      8-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды;

      9-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы құжаттардың сәйкестілігі тұрғысына зерделейді және АШТӨ-дің жиынтық тізілімін жасайды, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманына жолдайды;

      10-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін тізімдеме және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады;

      11-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді.

      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және (немесе) БСН мен парольді енгізуі (авторизация процесі);

      1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыруы;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына құжаттар топтамасының қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін порталда тексеру;

      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден себептемелі бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жолдау;

      3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылатын ұсынылған құжаттарды зерделеу;

      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алу.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама "жеке кабинетіне" жолданады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органдардың атауы және олардың байланыс деректері

П №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші орган

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61
телефон: 8 (7182) 32-32-30
email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

2

"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25
телефон: 8 (7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru

3

"Екібастұз қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі,
телефон: 8 (71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru

4

"Ақсу қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12
телефон: 8 (71837) 50572
email: 4108605@mail.ru

5

"Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77
телефон: 8 (71841) 21572 email: aktogai_sozprog@mail.ru

6

"Баянауыл ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49
телефон: 8 (71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru

7

"Железин ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Придков көшесі, 13
телефон: 8 (71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz

8

"Ертіс ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгембай көшесі, 97
телефон: 8 (71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru

9

"Качир ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 236
телефон: 8 (71833) 21403
email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz

10

"Лебяжі ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы, Әбілқайыр Баймулдин көшесі, 13
телефон 8 (71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru

11

"Май ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24
телефон: 8 (71838) 91380
email: may_opish@mail.ru

12

"Павлодар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, оф. 309
телефон: 8 (7182) 329867 email: defence6@rambler.ru

13

"Успен ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Тәуелсіздіктің 10-жылдығы көшесі, 30
телефон: 8 (71834) 91300
email: usposh@yandex.ru

14

"Шарбақты ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы, Советов көшесі, 49
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru


  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелердің
(қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау

Процестің іс-қимылдары



Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің басшысы

Көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманы

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады

Өтінімдерді қарау, көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің жауапты маманын анықтау

Ұсынылған құжаттарды зерделеу, бөлім басшысына қарауға енгізу және басшымен бекітілген тізімді, қабылдау актісін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын басқармаға ұсыну не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

Көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі ұсынған құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу

Өтінімдерді қарау, Көрсетілетін кызметті берушінің жауапты мамандарың анықтау

Құжаттарды сәйкестілігі тұрғысына зерделеу және АШТӨ жиынтық тізілімін жасау, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманына жолдау

Субсидиялар төлеу үшін тізімдеме және төлем шоттарын құрастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну

3

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Бөлім басшысына жолдау

Бұрыштама қою

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне бөлім басшысының қол қоюымен мақұлданған өтінімдердің немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдердің тізімін ұсыну

Бөлімнің жауапты маманынан құжаттарды қабылдау

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

4

Орындалу мерзімі

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

5 (бес) жұмыс күні

15 (он бес) минут

15 (он бес) минут

2 (екі) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

5

11 (он бір) жұмыс күні

  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы




Шартты белгілер мен қысқартулар:



  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы





Шартты белгілер: