Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру";2) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 129/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2014 жылғы 21 маусымда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды):
"Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау";"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау";
"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері алынып тасталсын;
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 129/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 309/9 қаулысында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелді, 2014 жылғы 22 қарашада "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды):
"көрсетілген қаулымен бекітілген "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
3-бөлімнің 8-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдістерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
3-бөлімнің 8-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдістерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Мемлекеттік қызмет көрсету ұрдісінде рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 6-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдістерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын." деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 211/7 қаулысымен бекітілді |
"Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 38/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)";
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Ауыл шарауашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.Мемлекеттік қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, журналға тіркейді және басшыға қол қоюға беру үшін анықтаманы ресімдейді – 3 (үш) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және жауапты маманға анықтаманы жолдайды – 7 (жеті) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы орындау құжаттарын береді – 5 (бес) минуттан аспайды.
6. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті берушінің сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның операторына стандарттың қосымшаларына сәйкес қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады;
көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенімхат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
4) 3-процесс – "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;
6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН/БСН мен паролді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – ЖСН/БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту мен көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ӨЭҮШ АЖО-ға жіберу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
| "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы | ||||
№ | Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) № | 1 | 2 | 3 |
1 | Атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы |
2 | Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы | Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, журналға тіркейді, анықтаманы ресімдейді | Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтамаға қол қояды | кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды |
3 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына анықтаманы жолдайды | |
4 | Орындау мерзімі | 3 (үш) минуттан аспайды | 7 (жеті) минуттан аспайды | 5 (бес) минуттан аспайды |
| "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Шартты белгілер

| "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер

| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 211/7 қаулысымен бекітілді |
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.02.2018 № 67/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 10-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабы (бұдан әрі – дәлелді жауап).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
Кеңсеге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – тиісті айда квота мен қаражат болған жағдайда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға құжаттар тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша – 16 (он алты) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша:
Бөлімнің кеңсе маманы өтінімді қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минут;
облыс қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 (бір) сағат;
Бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілген деректердің толықтығына, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың өлшемшарттар мен талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді тексеруді жүзеге асырады және жұмыстық топпен өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру үшін шаруашылыққа барады, сапар нәтижелері бойынша салыстыру актісі жасалады. Көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді салыстыру актісінің көшірмесін қоса жолдайды – 7 (жеті) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінім келіп түскеннен кейін көрсетілген деректердің толықтығын тексереді және сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді жауап жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күні;
2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша:
Бөлімнің кеңсе маманы өтінімді қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минут;
Бөлім басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 (бір) сағат;
Бөлімнің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексереді, мал шаруашылығы өнімін субсидиялауға өтінім берген тауар өндірушілерді, аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралар қолданылған тауар өндірушілер тізімімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады, қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін анықтау және зоотехникалық есепке алудың бастапқы құжаттарына салыстырып тексеру жүргізу үшін оның қызмет орнына барады, аудан бойынша жиынтық акт жасайды, оны және екінші деңгейдегі банктің немесе поштаның ұлттық операторының ағымдағы шоттың бар болуы туралы анықтамасының көшірмесін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады – 7 (жеті) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аудандар бойынша жиынтық актілерді тіркейді, оларды барлық деректердің болуы және толықтығы тұрғысынан қарайды, тиесілі субсидиялардың көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акт жасайды, Бөлімге өтінімдерді қарау қорытындысы жөніндегі ақпаратты немесе дәлелді жауап жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
Бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды – 1 (бір) сағат;
Бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 15 (он бес) минут.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша:
Бөлімнің кеңсе маманы;
Бөлімнің басшысы;
Бөлімнің жауапты орындаушысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша:
Бөлімнің кеңсе маманы;
Бөлімнің басшысы;
Бөлімнің жауапты орындаушысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы регламенттің 5-тармағында көзделген рәсімдері (іс-қимылдары);
3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия алуға берілген өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарламаны немесе дәлелді жауабын береді.
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ пароль (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) арқылы тіркеуді іске асырады;
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының порталда ЖСН/БСН және паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызмет алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтармен байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне электрондық түрде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайта шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы автоматтандырылған жұмыс орнындағы "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзіне көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалды) жолдау;
6-процесс – көрсетілген қызметті берушінің осы регламенттің 5-тармағында көзделген рәсімдері (іс-қимылдары);
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен порталда құрастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сын қолдану арқылы қалыптастырылады.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
| "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша:
Негізгі процестің ( жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы | |||||
№ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Атауы | Бөлімнің кеңсе маманы | Бөлімнің басшысы | Бөлімнің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы |
2 | Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің) атауы және сипаттамасы | өтінімді қабылдау және тіркеу | құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны белгілеу | қолданыстағы заңнамасының өлшемшарттар мен талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді тексеру және жұмыстық топпен өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру үшін шаруашылыққа барады, сапар нәтижелері бойынша салыстыру актісі жасалады. Қызметті берушіге өтініммен бірге салыстыру актісінің көшірмесін қоса ұсынады | өтінім келіп түскеннен кейін көрсетілген деректердің толықтығын тексеру және сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді жауап жолдау |
3 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) | Бөлімнің басшылығына қарастыруға тапсыру | жауапты орындаушыны белгілеу | салыстыру актісі жасалады, көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсыру | өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді жауап |
4 | Орындау мерзімі | 15 (он бес) минут | 1 (бір) сағат | 7 (жеті) жұмыс күні | 4 (төрт) жұмыс күні |
13 (он үш) жұмыс күні | |||||
2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша:
Негізгі процестің ( жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы | |||||||
№ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Атауы | Бөлімнің кеңсе маманы | Бөлімнің басшысы | Бөлімнің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Бөлімнің жауапты орындаушысы | Бөлімнің кеңсе маманы |
2 | Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің) атауы және сипаттамасы | өтінімді қабылдау және тіркеу | құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны белгілеу | көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысына тексеру, көрсетілетін қызметті алушының өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін анықтау үшін оның қызмет орнына бару, аудан бойынша жиынтық акт жасау, оны қызметті берушіге ұсыну | жиынтық актілерді барлық деректердің болуы және толықтығы тұрғысынан қарау, облыс бойынша жиынтық акт жасау, Бөлімге өтінімдерін қарау қорытындысы жөніндегі ақпаратты немесе дәлелді жауап жолдау | көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды | көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді |
3 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) | Бөлімнің басшылығына қарастыруға тапсыру | жауапты орындаушыны белгілеу | көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсыру | Бөлімге ақпаратты немесе дәлелді жауап жолдау | мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау | мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру |
4 | Орындау мерзімі | 15 (он бес) минут | 1 (бір) сағат | 7 (жеті) жұмыс күні | 5 (бес) жұмыс күні | 1 (бір) сағат | 15 (он бес) минут |
16 (он алты) жұмыс күні | |||||||
| "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзар іс-қимылдар диаграммасы

Шартты белгілер:

| "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын
арттыруды субсидиялау" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша:

2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша:

Шартты белгілер:
