"Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 03 шілдедегі № 193/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 тамызда № 4659 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсететін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Жолаушыларды облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру";
      2) "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру";
      3) "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 172/5 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3859 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 шілдеде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).
      3. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мен "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" шілде"
№ 193/6 қаулысымен
бекітілді

"Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық
(облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
      1) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz"Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚКО арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру немесе Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiкқалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 10 тармағымен көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметтін нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Өтініштің және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін және негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, қабылданған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді (30 минут ішінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды қарау үшін жібереді (30 минут ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарау үшін жібереді (30 минут ішінде);
      4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және лицензияны, лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын немесе дәлелді бас тарту жауабын (ХҚКО арқылы арыздану кезінде лицензияны, лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқаларын беруді немесе дәлелді бас тарту жауабын беру – 15 (он төрт) жұмыс күні ішінде, электрондық желі арқылы арыздану кезінде лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, лицензияны беруден дәлелді бас тарту жауабын – 2 (бір) жұмыс күні ішінде) дайындайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы лицензияға, лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасына немесе лицензия беруден, қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды (30 минут ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті беруішінің қызметкері лицензияны, лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын немесе лицензия беруден, қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тіркейді және ХҚКО курьеріне жібереді (2 сағат ішінде).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлернің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа
қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа
да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті алушыларға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Стандарттың 9–тармағында көрсетілген құжаттардың, тізбесін қоса бере отырып, ХҚКО арқылы өтініш береді.
      ХҚКО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге ХҚКО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.
      лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
      10. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үдерісін сипаттау, оның ұзақтығы:
      1) 1-іс-қимыл – алынған құжаттарды қабылдау, тіркеуден өткізу және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жіберу;
      2) 2-іс-қимыл – қарау және құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшеге жіберу;
      3) 3-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды қарауға жіберу;
      4) 4-іс-қимыл – құжаттардың толықтығын тексеру, лицензияны, лицензияның телнұсқасын дайындау, лицензияны қайта ресімдеу немесе лицензияны беруден, лицензияны қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;
      5) 5-іс-қимыл – лицензияға, лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасына немесе лицензияны беруден, лицензияны қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      6) 6-іс-қимыл – лицензияны, лицензиянықайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын немесе лицензияны, лицензияның қайта ресімдеуден, лицензия телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру.
      ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 15 минут ішінде береді.
      11. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      электрондық сұрауды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі;
      1) 1-іс-қимыл – алынған құжаттарды қабылдау, тіркеуден өткізу және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жіберу;
      2) 2-іс-қимыл – қарау және құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшеге жіберу;
      3) 3-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды қарауға жіберу;
      4) 4-іс-қимыл – құжаттардың толықтығын тексеру, лицензияны, лицензияның телнұсқасын, лицензияны қайта ресімдеуді дайындау немесе лицензияны беруден, лицензияны қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқаларын беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;
      5) 5-іс-қимыл – лицензияға, лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасына немесе лицензияны беруден, лицензияны қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      6) 6-іс-қимыл – лицензияны беру және тіркеу, лицензияны, лицензияның телнұсқаларын қайта ресімдеу немесе лицензияны, лицензияның қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқаларын беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
      Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:
      лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      бас тарту туралы дәлелді жауап – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Портал арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. "Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Жолаушыларды облысаралық,
қалааралық, ауданаралық
(облысiшiлiк қалааралық) және
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау жөніндегі
қызметпен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 
Үдерістің іс-қимылы
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
 
1
2
3
4
5
6
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
3
Іс-қимылдың атауы және оның сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау және тіркеуден өткізу
Қарау және жіберу
Жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды беру
Құжаттардың толықтығын тексеру және лицензияны немесе лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау
Лицензияға немесе лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
Лицензияны немесе лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жіберу
Бұрыштама
Бұрыштама
Лицензия немесе дәлелді бас тарту туралы жауап
Лицензия немесе дәлелді бас тарту туралы жауап
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
5
Орындау мерзімдері
30 минут
30 минут
30 минут
15 жұмыс күні ішінде. дәлелді бас тарту туралы жауап 2 жұмыс күні
30 минут
2 сағат
15 жұмыс күні
6
Келесі іс-қимылдың нөмірі
2
3
4
5
6
 

  "Жолаушыларды облысаралық,
қалааралық, ауданаралық
(облысiшiлiк қалааралық) және
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау жөніндегі
қызметпен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


  "Жолаушыларды облысаралық,
қалааралық, ауданаралық
(облысiшiлiк қалааралық) және
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау жөніндегі
қызметпен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Жолаушыларды облысыаралық, қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен
айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызметті
көрсетудің бизнес-процессінің анықтамалығы



Шартты белгілер:


  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" шілде"
№ 193/6 қаулысымен
бекітілді

"Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
      1) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚКО арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) немесе Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) кезең-кезеңмен өту мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, қабылданған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшылығына қарауға жібереді (30 минут ішінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттарды қарау үшін жібереді (30 минут ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарау үшін жібереді (30 минут ішінде);
      4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және халықаралық сертификатты 1 жұмыс күні ішінде дайындайды. Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда жауапты орындаушы халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты 1 жұмыс күні ішінде дайындайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы халықаралық сертификатқа немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды (30 минут ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және ХҚКО курьеріне береді (1 сағат ішінде).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі –халықаралық техникалық байқау сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлернің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде
халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО-ға және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отыра, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті ХҚКО арқылы береді;
      ХҚКО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге ХҚКО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттарды ақпараттық жүйе арқылы жолдайды;
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      халықаралық сертификатын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      10. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үдерісін сипаттау, оның ұзақтығы:
      1) 1-іс-қимыл – алынған құжаттарды қабылдау,тіркеуден өткізу және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жіберу;
      2) 2-іс-қимыл – қарау және құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшеге жіберу;
      3) 3-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды қарау үшін беру;
      4) 4-іс-қимыл – құжаттардың толықтығын тексеру және халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
      5) 5-іс-қимыл – халықаралық сертификатқа немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      6) 6-іс-қимыл – халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру.
      ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жүгінген сәтінен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 15 минут ішінде береді.
      11. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі;
      1) 1-іс-қимыл – алынған құжаттарды қабылдау,тіркеуден өткізу және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жіберу;
      2) 2-іс-қимыл – қарау және құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшеге жіберу;
      3) 3-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды қарау үшін беру;
      4) 4-іс-қимыл – құжаттардың толықтығын тексеру және халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;
      5) 5-іс-қимыл – халықаралық сертификатқа немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      6) 6-іс-қимыл – халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      халықаралық сертификатын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Портал арқылы ақпараттық жүйелердің фунционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. "Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Халықаралық техникалық
байқау сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 
Үдерістің іс-қимылы
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
1
2
3
4
5
6
2
Құрылымдық бөлімшенің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
3
Іс-қимылдың атауы және оның сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау және тіркеуден өткізу
Қарау
Жауапты орындаушыны анықтау
Құжаттардың толықтығын тексеру және халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау
Халықаралық сертификатқа немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және жауапты орындаушыға жіберу
Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және беру
4
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
Басшылыққа қарауға жіберу
Бұрыштама
Бұрыштама
Сертификат немесе бас тарту туралы дәлелді жауп
Сертификат немесе дәлелді бас тарту
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру
5
Орындау мерзімдері
30 минут
30 минут
30 минут
Халықаралық сертификатын дауындау 1 жұмыс күні ішінде немесе дәлелді бас тарту туралы жауап 1 жұмыс күні ішінде
30 минут
1 сағат
2 жұмыс күні
6
Келесі іс-қимылдың нөмірі
2
3
4
5
6
 

  "Халықаралық техникалық
байқау сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


  "Халықаралық техникалық
байқау сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Шартты белгілер:


  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" шілде"
№ 193/6 қаулысымен
бекітілді

"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу
құқығына куәліктер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі көрсетілетін қызмет беруші):
      1) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі –ХҚКО);
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірінде № 556 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік қызмет Стандарттының 9-тармағында көзделген.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) құрамы, оның орындалу ұзақтығы:
      Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік беру:
      1) басшысына көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдап, алынған құжаттарды тіркейді және қарауға жібереді (2 сағат ішінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарап, құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға жібереді (2 сағат ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарауға жібереді (1 жұмыс күні ішінде);
      4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті дайындайды (8 жұмыс күні ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікке қол қояды (30 мин ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығы куәлігіне дәлелді жауапты тіркейді, ХҚКО курьеріне береді (2 сағат ішінде).
      Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру:
      1) басшысына көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдап, алынған құжаттарды тіркейді және қарауға жібереді (2 сағат ішінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарап, құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға жібереді (2 сағат ішінде);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарауға жібереді (3 сағат ішінде);
      4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығы куәлігінің телнұсқасын дайындайды (1 жұмыс күні ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығы куәлігінің телнұсқасына қол қояды (30 мин ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығы куәлігінің телнұсқасына дәлелді жауапты тіркейді, ХҚКО курьеріне береді (2 сағат ішінде).
      Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен жағдайда куәлікті беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдап, алынған құжаттарды тіркейді және басшысына қарауға жібереді (2 сағат ішінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарастырып, құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарауға жібереді (2 сағат ішінде);
      3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімше жетекшісі жауапты орындаушыны тағайындап, құжаттарды қарастыруға жібереді (3 сағат ішінде);
      4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді және өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен жағдайда куәлікті береді (2 жұмыс күні ішінде). Егерде ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде, жауапты атқарушы дәлелді бас тарту жауабын береді (2 жұмыс күні ішінде).
      5) қызмет көрсетуші басшысы өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен жағдайда жаңа куәлікке қол қояды (30 мин ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен жағдайда дәлелді жауапты тіркейді, ХҚКО курьеріне жібереді (2 сағат ішінде).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасына дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің, (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік беруге арналған әрбір рәсімнің іс–қимылдың ұзақтығын көрсете отырып,құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде халыққа
қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО–ға және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін қоса бере отырып, ХҚКО арқылы өтініш береді.
      ХҚКО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарың тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ХҚКО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін ақпараттық жүйе арқылы жібереді;
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 10 тармағында қарастырылға кезде емтиханға кіргізуден бас тартады.
      10. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үдерісін сипаттау, оның ұзақтығы:
      1) 1-іс-қимыл – алынған құжаттарды қабылдау, тіркеуден өткізу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жіберу;
      2) 2-іс-қимыл– қарау және құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшеге жіберу;
      3) 3-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды қарауға жіберу;
      4) 4-іс-қимыл - құжаттардың толықтығын тексеру және өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәлік беруді немесе дәлелді бас тартуды дайындау;
      5) 5-іс-қимыл – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасына беруге, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәлікті беруге немесе дәлелді бас тартуға қол қою;
      6) 6-іс-қимыл – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiкті, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәлікті немесе дәлелді бас тартуды тіркеу және беру.
      ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 минут ішінде береді.
      11. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      электрондық сұрауды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі;
      1) 1-іс-қимыл – алынған құжаттарды қабылдау, тіркеуден өткізу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жіберу;
      2) 2-іс-қимыл – қарау және құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшеге жіберу;
      3) 3-іс-қимыл – жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды қарауға жіберу;
      4) 4-іс-қимыл – құжаттардың толықтығын тексеру және өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәлік беру;
      5) 5 іс–қимыл – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруге, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәлікті беруге қол қою;
      6) 6 іс–қимыл – өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiкті, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәліктітіркеу және беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру – 10 жұмыс күні ішінде;
      өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру – 2 жұмыс күні ішінде;
      өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда куәлікті беру – 3 жұмыс күні ішінде.
      Портал арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау сондай–ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимылдың тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Өздігінен жүретін шағын
көлемдi кемелердi жүргізу
құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

а) өздігінен жүретін шағын көлемдi
кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру

 
Үдерістің іс-қимылы
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
1
2
3
4
5
6
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
3
Іс-қимылдың атауы және оның сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау және тіркеуден өткізу
Қарау және жіберу
Жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды беру
Құжаттардың толықтығын тексеру, куәлікті дайындау
Куәлікке қол қою
Куәлікті тіркеу және беру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жіберу
Бұрыштама
Бұрыштама
Куәлік
Куәлік
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
5
Орындау мерзімдері
2 сағат ішінде
2 сағат ішінде
1 жұмыс күні ішінде
8 жұмыс күні ішінде
30 минут
2 сағат
10 жұмыс күні
6
Келесі іс-қимылдың нөмірі
2
3
4
5
6
 

б) өздігінен жүретін шағын көлемдi кеменi жүргізу
құқығына куәлiктің телнұсқасын беру

 
Үдерістің іс-қимылы
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
1
2
3
4
5
6
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
3
Іс-қимылдың атауы және оның сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау және тіркеуден өткізу
Қарау және жіберу
Жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды беру
Құжаттардың толықтығын тексеру, куәліктің телнұсқасын дайындау
Куәліктің телнұсқасына қол қою
Куәліктің телнұсқасын тіркеу және беру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жіберу
Бұрыштама
Бұрыштама
Куәлік
Куәлік
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
5
Орындау мерзімдері
2 сағат ішінде
2 сағат ішінде
3 сағат ішінде
1 жұмыс күні ішінде
30 минут
2 сағат
2 жұмыс күні
6
Келесі іс-қимылдың нөмірі
2
3
4
5
6
 

в) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық
мерзімі өткен жағдайда куәлікті беру

 
Үдерістің іс-қимылы
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
1
2
3
4
5
6
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері
3
Іс-қимылдың атауы және оның сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау және тіркеуден өткізу
Қарау және жіберу
Жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды беру
Құжаттардың толықтығын тексеру, куәлікті дайындау
Куәлікке қол қою
Куәлікті тіркеу және беру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жіберу
Бұрыштама
Бұрыштама
Куәлік
Куәлік
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
5
Орындау мерзімдері
2 сағат ішінде
2 сағат ішінде
3 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде
30 минут
2 сағат
3 жұмыс күні
6
Келесі іс-қимылдың нөмірі
2
3
4
5
6
 

  "Өздігінен жүретін шағын
көлемдi кемелердi жүргізу
құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

ХҚКО арқылы ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


  "Өздігінен жүретін шағын
көлемдi кемелердi жүргізу
құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi
жүргізу құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
а) өздігінен жүретін шағын көлемді
кемені жүргізу құқығына куәлік беру

      


"Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу
құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік қызметті
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
б) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені
жүргізу құқығына куәлік телнұсқасын беру

      


в) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің жарамдылық
мерзімі өткен жағдайда жаңа куәлікті беру

      


Шартты белгілер: