Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 145/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 шілдеде № 4560 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру";
      2) "II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 262/8 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3977 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған).
      3. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "22" мамырдағы
№ 145/5 қаулысымен
бекітілді

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО);
      3) www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу (бұдан әрі – қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат) немесе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 301 бұйрығымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші уәкiлеттi тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты алу үшін Стандарттың 1-қосымшаға, IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты алу үшін Стандарттың 2-қосымшаға, ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу үшін Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің қабылдауы, тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жіберуі (20 минут);
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы бар құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберу (40 минут);
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы қабылданған құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны анықтауы (1 жұмыс күні ішінде);
      4) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығын және заңнаманың талаптарына сәйкестігін қарауы, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындау және нәтижені құрылымдық бөлімше басшысының қарауына жіберуі (ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру – 27 күнтізбелік күнінен аспайды, ІІІ санаттағы объектілер үшін – 7 жұмыс күнінен аспайды, IV санаттағы объектілер үшін – 2 жұмыс күнінен аспайды, рұқсатты қайта ресімдеу – 27 күнтізбелік күні ішінде, бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – 12 күнтізбелік күнінен аспайды ІІ санаттағы объектілер үшін, 2 күнтізбелік күнінен аспайды ІІІ санаттағы объектілер үшін);
      5) құрылымдық бөлімше басшысының қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын қарауы (40 минут);
      6) көрсетілетін қызметті беруші басшының қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын қарауы (40 минут);
      7) мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚО-ға жіберу немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысаны түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберу (20 минут).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі – II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат/ рұқсатты қайта ресімдеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсенің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді.
      2) ХҚО қызметкері өтініштердің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Өтінішті дұрыс толтырылғанда және құжаттардың топтамасы толық ұсынылған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді.
      3) Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО-ның қызметкері құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелерін жасайді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      4) Көрсетілетін қызметті беруші II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты (немесе бас тарту туралы дәлелді жауабын) дайындайды және оны ХҚО-ға жібереді (ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 1 айдан аспайды, ІІІ санаттағы объектілер үшін – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды, IV санаттағы объектілер үшін – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды, рұқсатты қайта ресімдеу – 1 айдан аспайды, бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 15 күнтізбелік күнінен аспайды ІІ санаттағы объектілер үшін, 5 күнтізбелік күнінен аспайды ІІІ санаттағы объектілер үшін).
      5) ХҚО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне) жеке басты куәландыратын құжатты (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілімен сенімхатты) ұсынған жағдайда, қолхат негізінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      10. Мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы алу тәртібі, халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) ХҚО қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушының сұранысын тіркеу және өңдеу кезіндегі әрекет:
      1) 1-процесс – қызмет көрсету үшін ХҚО операторының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      2) 2-процесс – ХҚО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушы деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы уәкілінің сенімхаты бойынша деректерін (нотариус куәландырған сенімхаты болған кезде) енгізуі (сенімхатты өзгеше куәландыру кезінде – сенімхаттың деректері толтырылмайды);
      3) 3-процесс – "электрондық-үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына/"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы уәкілінің сенімхат деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      4) 1-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;
      5) 4-процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-процесс – ХҚО операторының сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгілеу бөлігінде толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына бекітуі және қызмет көрсету үшін сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      7) 6-процесс – ЭҮП арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызметті алушының сұрауын) жолдауы;
      8) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу;
      9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      1) 10) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы.
      ХҚО БАЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютерінің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салудағы көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) растауы (қол қоюы);
      10) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да электрондық құжатты (қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызмет берушінің Стандартта көрсетілген, қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 2 диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
      1) 1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      2) 1-шарт – логин және пароль арқылы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-процесс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
      9) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген, қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      11) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 3 диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағының) №
1
2
3
4
5
6
7
Құрылымдық бөлімшенің (қызметкердің) атауы
Кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Жауапты орындаушы
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Кеңсе қызметкері
Іс-қимылдың (процестің рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу
Жауапты құрылымдық бөлімшені анықтау,бұрыштама қою
Қабылданған құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны анықтау
Ұсынылған құжаттарды қарау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындау және нәтижені құрылымдық бөлімше басшысының қарауына жіберу
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын қарау
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын қарау
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауабын беру, ХҚО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабине-тіне" жіберу
Аяқталу нысаны (деректер, құжат ұйымдастыру-өкімдік шешім)
Өтініш көшірмесінде оның тіркелгені туралы белгі
Бұрыштама
Бұрыштама
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы
Бұрыштама
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді жауап
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру
Орындау мерзімдері
20 минут
40 минут
1 жұмыс күні ішінде
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру ІІ санаттағы объектілер үшін – 27 күнтізбелік күнінен аспайды, ІІІ санаттағы объектілер үшін – 7 жұмыс күнінен аспайды, IV санаттағы объектілер үшін – 2 жұмыс күнінен аспайды; рұқсатты қайта ресімдеу – 27 күнтіз-белік күні ішінде; бас тарту туралы дәлелді жауапты беру ІІ санаттағы объектілер үшін – 12 күнтізбелік күнінен аспайды, ІІІ санаттағы объектілер үшін – 2 күнтізбелік күнінен аспайды
40 минут
40 минут
20 минут
1 жұмыс күні ішінде
1 жұмыс күні ішінде

  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

ХҚО БАЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

      


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

      


Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік
қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара
іс-қимылдың № 3 диаграммасы

      


Шартты белгілер:

      


  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер:


  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "22" мамырдағы
№ 145/5 қаулысымен
бекітілді

"II, III және IV санаттардағы объектілер үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО);
      3) www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 301 бұйрығымен бекітілген "II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "келісіледі/келісілмейді" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттамаларын алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты береді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші уәкiлеттi тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысанда жазған өтініші немесе ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұраныс негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына жататын рәсімдер (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің қабылдауы, тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жіберуі (20 минут);
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы бар құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберу (40 минут);
      3) қабылданған құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы (40 минут);
      4) жауапты орындаушының ұсынған құжаттардың толықтығын қарауы, сараптама жүргізу, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының жобасын дайындау және нәтижені құрылымдық бөлімше басшысының қарауына жіберу (ІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 27 күнтізбелік күнінен аспайды, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін – 7 жұмыс күнінен аспайды, ІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтадан беру кезінде – 7 жұмыс күнінен аспайды, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін – 2 жұмыс күнінен аспайды, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру (алдын ала сараптама) – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды);
      5) құрылымдық бөлімше басшысының мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қарауы және қол қоюы (40 минут);
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға немесе ХҚО-ға жіберу немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысаны түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберу (20 минут).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі – мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсенің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға жүгіну тәртібінің сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді.
      2) ХҚО қызметкері өтініштердің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Өтініштер дұрыс толтырылғанда және құжаттардың топтамасы толық ұсынылған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді.
      3) Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО-ның қызметкері құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      4) Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын (немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын) дайындайды және оны ХҚО-ға жібереді (ІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 1 айдан аспайды, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды, ІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтадан беру кезінде – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды).
      5) ХҚО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне) жеке басты куәландыратын құжатты (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілімен сенімхатты) ұсынған жағдайда, қолхат негізінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      10. Мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы алу тәртібі, халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) ХҚО қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушының сұранысын тіркеу және өңдеу кезіндегі әрекеті:
      1) 1-процесс – қызмет көрсету үшін ХҚО операторының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      2) 2-процесс – ХҚО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушы деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы уәкілінің сенімхаты бойынша деректерін (нотариус куәландырған сенімхаты болған кезде) енгізуі (сенімхатты өзгеше куәландыру кезінде – сенімхаттың деректері толтырылмайды);
      3) 3-процесс – "электрондық-үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына/"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы уәкілінің сенімхат деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      4) 1-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;
      5) 4-процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-процесс – ХҚО операторының сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгілеу бөлігінде толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына бекітуі және қызмет көрсету үшін сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      7) 6-процесс – ЭҮП арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызметті алушының сұрауын) жолдауы;
      8) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу;
      9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      10) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы.
      ХҚО БАЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютерінің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрау салудағы көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) растауы (қол қоюы);
      2) 10) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызмет берушінің Стандартта көрсетілген, қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 2 диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
      1) 1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      2) 1-шарт – логин және пароль арқылы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-процесс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
      9) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген, қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      11) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 3 диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "II, III және IV санаттардағы
объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №
1
2
3
4
5
6
Құрылымдық бөлімшенің (қызметкердің) атауы
Кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Жауапты орындаушы
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Кеңсе қызметкері
Іс-қимыл-дың (процесстің рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысына жіберу
Жауапты құрылымдық бөлімшені анықтау, бұрыштама қою
Қабылданған құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны анықтау
Ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау, сараптама жүргізу, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындау
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын қарау
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын беру, ХҚО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберу
Аяқталу нысаны (деректер, құжат ұйымдастыру-өкімдік шешім)
Өтініштің көшірмесінде оның тіркелгені туралы белгі
Бұрыштама
Бұрыштама
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
 
1
2
3
4
5
6
Орындау мерзімдері
20 минут
40 минут
1 жұмыс күні ішінде
ІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 27 күнтізбелік күнінен аспайды, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін – 7 жұмыс күнінен аспайды, ІІ санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтадан беру кезінде – 7 жұмыс күнінен аспайды, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін – 2 жұмыс күнінен аспайды, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – өтінімді тіркеу күнiнен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды
40 минут
20 минут
1 жұмыс күні ішінде
1 жұмыс күні ішінде

  "II, III және IV санаттардағы
объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

ХҚО БАЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

      


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

      


Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы

      


Шартты белгілер:

      


  "II, III және IV санаттардағы
объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік
экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Шартты белгілер: