1. Қоса беріліп отырған:
1) "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру";
2) "Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру"
3) "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылған деп танылсын:
1) 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 102/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 болып тіркелді, 2014 жылғы 27 мамырда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 27 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды);
2) 2014 жылғы 8 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 102/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 231/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3912 болып тіркелді, 2014 жылғы 23 тамызда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 23 тамызда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды).
3. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Ғ. Сәдібеков |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 137/5 қаулысымен бекітілді |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:"халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" сөздері "мемлекеттік корпорациямен", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 59/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:көрсетілеттін қызметті берушінің кеңсесі;
www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық түрде.
Куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіздеме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш немесе мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұраныс болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына жататын рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің келіп түскен құжаттаманы қабылдап, тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады, орындау ұзақтылығы – 10 (он) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, жауапты орындаушыны тағайындайды, орындау ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және тапсыру толықтығы бойынша зерттейді:
тапсырылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда жауапты орындаушы өтінішті одан әрі қарауға алмау туралы дәлелденген жазба түрінде жауап береді, орындау ұзақтылығы – 1 (бір) жұмыс күні;
тапсырылған құжаттардың толық жиынтығы ұсынылған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясының қарауына жіберуді жүзеге асырады, орындау ұзақтылығы – 1 (бір) жұмыс күні;
сараптама комиссиясы сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысы бойынша затты мәдени құндылық деп тану туралы немесе зат мәдени құндылықтар қатарына жатпайтындығы туралы қорытындыны рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, ұзақтылығы – 6 (алты) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметтің нәтижесін (куәлік) дайындайды және қызметті берушінің басшысына жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нәтижеге қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді – 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қолы қойылған құжатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне портал арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсету қарастырылмаған.10. Мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасында көрсетілген:
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – ЭҮП) тіркеледі (ЭҮП-те тіркелмеген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті алушының компьютеріндегі интернет-браузеріне скан-көшірмелерді және оның ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-ке мемлекеттік қызмет түрі мен паролін енгізу процесі (авторландыру процесі);
1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын логин, жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен паролі арқылы ЭҮП-те тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу) үшін, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітуі;
сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-нің тіркеу куәлігін таңдауы;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекетітк қызметті таңдауы;
2-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметке сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
7-процесс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
3-шарт – мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі;
8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-те қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен рәсімдері реттілігінің тәртібі, көрсетілетін қызметті беруші арқылы шешілетін шешімдер мен қадамдық іс-қимылдар 2-қосымшада (№ 2 диаграмма) көрсетілген:
1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);
1-шарт – пароль мен логин арқылы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердiң түпнұсқалығының дұрыстығын тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет алушының деректерін енгізуі;
4-процесс – ЭҮШ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерек қорына/"Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау жіберу;
2-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
5-процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алуға мүмкіндік болмау туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерден өткізуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
7-процесс – сұрау салуды "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеу және қызметті "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші куәлік беру үшін қызмет алушының біліктілік талаптарына және негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9-процесс – қызмет алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы (порталда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру). Электрондық құжат электрондық көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі мен мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
| "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау
| | Рәсімдердің (іс-қимылдардың) тәртібін сипаттау | |||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 1 | Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 2 | Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы | Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Сараптама комиссиясы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері |
| 3 | Рәсімнің (іс- қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттар мен заттарды қабылдауы, тіркеуі, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдауы | Құжаттармен танысу | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, және тапсыру толықтығы бойынша зерттейді | Сараптама комиссиясы сараптама жүргізуі және сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша заттың мәдени құндылық деп тану туралы немесе зат мәдени құндылықтар қатарына жатпайтындығы туралы қорытындыны рәсімдейуі және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді | Мемлекеттік қызметтің нәтижесін (куәлік) дайындайды | Куәлік алуы | Куәлікке көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қою бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыру, сонымен қоса куәліктің бір данасы мен заттарды қызметті алушыға беруге дайындауы |
| 4 | Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Тіркеу мөртабаны қойылған өтініш көшірмесін беру | Жауапты орындаушыны белгілеу | Құжаттардың толық еместігі жағдайында дәлелді түрде жазбаша бас тартады; құжаттардың толык топтамасы болған жағдайда құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясының қарауына жібереді | Қорытындыны ресімдей отырып, сараптама жүргізу | Қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберуі | Нәтижеге қол қою | Куәліктің бір данасы мен заттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру |
| 5 | Орындау мерзімдері | 10 (он) минут | 30 (отыз) минут | 1 (бір) жұмыс күні | 6 (алты) жұмыс күні | 1 (бір) жұмыс күні | 20 (жиырма) минут | 1 (бір) жұмыс күні |
| "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Веб-портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Көрсетілетін қызметті қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Шартты белгілер:

| "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 137/5 қаулысымен бекітілді |
"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:"халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" сөздері "мемлекеттік корпорациямен", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 59/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім-хат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішін қағаз нұсқасында ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіздеме – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш немесе мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың жиынтығын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұраныс болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына жататын рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің келіп түскен құжаттаманы қабылдап, тіркеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынуы, орындау ұзақтылығы – 10 (он) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жібереді – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, тапсыру толықтығы бойынша зерттейді:
тапсырылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда жауапты орындаушы өтінішті одан әрі қарауға алмау туралы дәлелденген жазба түріндегі жауап береді, орындау ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
тапсырылған құжаттардың толык жиынтығы ұсынылған жағдайда жауапты орындаушы келісім-хатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді, орындау ұзақтылығы – 13 (он үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нәтижеге қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді – 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойылған нәтижені көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне портал арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім-хат беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсету қарастырылмаған.10. Мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретілігі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасында көрсетілген:
1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – ЭҮП) тіркеледі (ЭҮП-те тіркелмеген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады);
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының компьютеріндегі интернет-браузеріне скан-көшірмелерді және оның ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-ке мемлекеттік қызмет түрі мен паролін енгізу процесі (авторландыру процесі);
1-шарт – тіркелген мемлекеттік қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын логин, жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен паролі арқылы ЭҮП-те тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу) үшін, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітуі;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметке сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
7-процесс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
3-шарт – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі;
8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-те қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен рәсімдері реттілігінің тәртібі осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес блок-схемада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы шешілетін шешімдер мен қадамдық іс-қимылдар 2-қосымшада (№ 2 диаграмма) көрсетілген:
1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
1-шарт – пароль мен логин арқылы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердiң түпнұсқалығының дұрыстығын тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
4-процесс – "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына/"Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау жіберу;
2-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
5-процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алуға мүмкіндік болмау туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерден өткізуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
7-процесс – сұрау салуды "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеу және қызметті "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің келісім беру үшін пайдаланушының біліктілік талаптарына және негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы (порталда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру). Электрондық құжат электрондық көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі мен мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
| "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
| 1 | Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
| 2 | Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | |
| 3 | Рәсімнің (іс қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы | Құжаттарды тіркеу және басшылықтың қарауына ұсыну | Жауапты орындаушыны анықтау | Құжаттарды тексереді, тапсыру толықтығы бойынша зерттейді | Нәтижені алу | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған нәтижені алу | |
| 4 | Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Тіркеу мөртабаны басылған өтініш көшірмесін беру | Қаралған құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу | Тапсырылған құжаттардың толық еместігі жағдайында жазба түрінде дәлелденген бас тарту туралы жауап береді | Құжаттардың толык жиынтығы жағдайында тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісімхат дайындайды | Нәтижеге қол қою | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған нәтижені портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды |
| 5 | Орындау мерзімдері | 10 (он) минут | 30 (отыз) минут | 1 (бір) жұмыс күні | 13 (он үш) жұмыс күні | 20 (жиырма) минут | 1 (бір) жұмыс күні |
| "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кезде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызмет беруші арқылы
көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Шартты белгілер:

| "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 137/5 қаулысымен бекітілді |
"Мұрағат анықтамаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 59/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Жалпы ережелер
1. "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, кұқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе мұрағаттық құжаттардан куәландырылған мұрағаттық көшірмелер мен үзінділер болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығымен бекітілген "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттардың толық жиынтығы қоса берілген өтініш болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі, процестер (іс-қимылдар) және оларды орындау кезектілігі, соның ішінде барлық процестерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркеуге қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады - келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қаралған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындау үшін жібереді - келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) күнтізбелік күн;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қағаз тасығыштағы мұрағат анықтамасын беруге дайындауы және нәтижені көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі – келіп түскен күннен бастап 11 (он бір) күнтізбелік күн; мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушы хабарландырылады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нәтижеге қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді - келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) сағат;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қол қойылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы жібереді - келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге мұрағат анықтамасын беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібі, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы.Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгінген кезде стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
10. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар ұсынады;
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу стандарттың 9-тармағында қарастырылған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның ЫАЖ) арқылы көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
1-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияға арналған ақпараттық жүйенің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның АЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға сұраныс нысанын шығару, Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін енгізуі (нотариуспен расталған сенімхат болған жағдайда, басқа сенімхат болған жағдайда – бұл деректер енгізілмейді);
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранысты "электрондық үкімет" шлюзы арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ), сонымен қатар, бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) жіберу;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болуын тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының сұраныс нысанын қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы бөлігі бойынша толтыруы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына бекіту, көрсетілген қызметке сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген мәліметтерді) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру (бұдан әрі – ЭЦҚ);
6-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберуі;
7-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарын стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізіміне және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкес келуін тексеру (өңдеу);
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет нәтижесін (мұрағат анықтамасын) Мемлекеттік корпорация операторы арқылы алу.
12. Мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің/бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және парольдің (порталда бұрын тіркелмеген қызметті алушылар үшін) көмегімен порталда тіркеледі;
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН-ны және парольді (авторландыру процесі) порталға енгізуі;
1-шарт – ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталда тіркелген қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқасын тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу) үшін, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар көшірмесін электронды түрде сұрау нысанына бекіту, сонымен қатар сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру және электрондық құжатты (сұрауды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуіне ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызмет берушінің АЖО-ға жіберу;
6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сында тіркеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізіміне және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да құрастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы мұрағат анықтамасының дайындығы туралы хабарлама) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өңдеу тәртібі мен рәсімдер реттілігін сипаттау:
1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на ЖСН/БСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызмет түрін таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сұрау алу нысанын шығару және көрсетілеттін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранысты ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
1-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
4–процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректердің алуы мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгісі бөлігінде сұраныс нысанын толтыруы, оларды сұраныс нысанына бекіту және қызметті көрсетуге толтырылған сұраныс нысанын ЭЦҚ-мен растау (мәліметтерді енгізу);
6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қоса берген құжаттарын стандартта көрсетілген құжаттар тізіміне және қызмет көрсету үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін (мұрағат анықтамасын) алуы.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі мен Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
| "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік мұрағаттардың мекенжайлары
| Р/с № | Мекеменің атауы | Мекенжайы | Байланыс телефондары |
| 1 | Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты | Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 51/1-үй Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 62/1-үй gosarchiv2011@mail.ru | 8 (7182) 32-10-52 8 (7182) 62-18-51 |
| 2 | Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық мұрағаты | Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй kense.oar.ap@pavlodar.gov.kz | 8 (7182) 32-72-48 |
| 3 | Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты | Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергостроителей көшесі, 7-үй arh-ekb@mail.ru | 8 (7187) 33-48-74 |
| 4 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ақсу бөлімі | Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қамзин көшесі, 14-үй aksu_arhiv@mail.ru | 8 (718-37) 6-54-50 |
| 5 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ақтоғай бөлімі | Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72-үй aktogaiarchiv@mail.ru | 8 (718-41) 2-11-44 |
| 6 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Баянауыл бөлімі | Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, Бектұров көшесі, 27-үй bayanaularchiv2011@yandex.kz | 8 (718-40) 9-15-70 |
| 7 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Железин бөлімі | Павлодар облысы, Железинка ауылы, Космонавтов көшесі, 2-үй zhelezinkaarchiv@mail.ru | 8 (718-31) 2-22-55 |
| 8 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ертіс бөлімі | Павлодар облысы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97-үй irtyshskarchiv@mail.ru | 8 (718-32) 2-10-16 |
| 9 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Качиры бөлімі | Павлодар облысы, Теренкөл ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй archive_kachiry@mail.ru | 8 (718-33) 2-46-27 |
| 10 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Лебяжі бөлімі | Павлодар облысы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 69-үй lebyajearchiv@mail.ru | 8 (718-39) 2-12-15 |
| 11 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Май бөлімі | Павлодар облысы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34а-үй mayskarchiv@mail.ru | 8 (718-38) 9-13-42 |
| 12 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Успен бөлімі | Павлодар облысы, Успенка ауылы, Баюк көшесі, 42-үй uspenkaarchiv@mail.ru | 8 (718-34) 9-14-98 |
| 13 | Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Шарбақты бөлімі | Павлодар облысы, Шарбақты ауылы, Ленин көшесі, 33-үй sherbaktyarchiv@yandex.kz | 8 (718-36) 2-12-05 |
| "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау
| Рәсімдердің (іс-қимылдардың) тәртібін сипаттау | ||||||
| 1 | Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 2 | Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
| 3 | Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және оның сипаттамасы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті қабылдауы және тіркеуі | Құжаттарды қарау | Қағаз тасығыштағы мұрағат анықтамасын беруге дайындау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушы хабарландырылады | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау |
| 4 | Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) | Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы қабылданғандығын растайтын құжатты беру | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберу | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау | Мұрағат анықтамасын беру |
| 5 | Орындау мерзімі | 15 (он бес) минут | 1 (бір) күнтізбелік күн | 11 (он бір) күнтізбелік күн | 4 (төрт) сағат | 15 (он бес) минут |
| "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік
қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:
