Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 366 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 6125 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Федоров бөліміне (бұдан әрі – ХҚКО) жүгінеді немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы баламалы негізінде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "10. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен айқындалады.
      Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтінішпен жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанына уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы есептеледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Е. Жданова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Т. Волоткевич
      10 желтоқсандағы 2015 жыл

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ В. Гринак
      10 желтоқсандағы 2015 жыл