Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 308 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 6133 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-баптарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 286 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Маяк" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2)3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;";
      1-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин