Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 126 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 тамызда № 5784 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № 5 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес, Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 65 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4542 тіркелген 2014 жылғы 18 сәуірде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Карбозовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Таукенов

      КЕЛIСIЛДI

      Амангелді аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ Ә. Саматов
      13.07.2015 жыл

Әкімдіктің        
2015 жылғы 13 шілдедегі 
№ 126 қаулысына қосымша 

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2) басшы;
      3) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мектеп директоры;
      2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      3) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
      4) директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) педагог-психолог;
      7) қосымша білім беру педагогы;
      8) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      9) музыкалық жетекші;
      10) аға жетекші, жетекші;
      11) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      12) нұсқаушы;
      13) аға әдістемеші, әдістемеші;
      14) өндірістік оқыту шебері;
      15) аға шебер;
      16) медициналық бике;
      17) емдәм бикесі;
      18) кітапханашы;
      19) логопед;
      20) суретші;
      21) мектепке дейінгі мекемелердегі ағылшын және орыс тілдері пәнінің мұғалімдері;
      22) көркемдік жетекші;
      23) интернат меңгерушісі;
      24) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      25) мектептегi барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;
      26) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;
      27) шебер, шеберхана меңгерушісі;
      28) кітапхана меңгерушісі;
      29) аға вожатый.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) ұйымның басшысы;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) суретші;
      4) кітапханашы;
      5) бөлім меңгерушісі;
      6) әртіс;
      7) режиссер;
      8) редактор;
      9) әдістемеші;
      10) әкімші;
      11) дирижер;
      12) нұсқаушы;
      13) солист;
      14) библиограф;
      15) көркемдік жетекші;
      16) ұйым басшысының орынбасары;
      17) хореограф;
      18) дыбыс операторы.
      4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) директор;
      2) директордың орынбасары;
      3) медициналық бике;
      4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрiгерi;
      2) ветеринарлық фельдшер.