Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 278 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 5375 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-4-170 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХІХ сессияның төрағасы                     Г. Будкевич

      Калалық
      мәслихат хатшысы                           Г. Жарылқасымова