Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 197 "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 6050 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 197 "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5702 тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі:
      16 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын тиісті мәслихатына бекітуге ұсыну;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімнің орынбасары Д.И. Нұрлыбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық
      қаласының әкімі                            Ғ. Бекмұхамедов