Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 346 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 5876 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 «Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-129 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда «Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «ставкаларына» деген сөз «мөлшерлемелеріне» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «ставкаларына» деген сөз «мөлшерлемелеріне» деген сөзбен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, № 3 сайлау
      округі бойынша депутаты                    Б. Абдрахманова

      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Халыков

      КЕЛІСІЛДІ

      «Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік
      кірістер комитеті Қостанай
      облысы бойынша мемлекеттік
      кірістер департаментінің
      Қостанай қаласы бойынша
      мемлекеттік кірістер басқармасы»
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________ С. Доненбаев
      «13» тамыз 2015 жыл

      «Қостанай қаласы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ С. Жусипбеков
      «13» тамыз 2015 жыл

      «Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Н. Дорошок
      «13» тамыз 2015 жыл