"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 605 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілде барлық қаулы мәтіні бойынша:
"регламентері" деген сөз "регламенттері" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі Н. Садуақасов