Әкімдіктің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 288 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 115 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 5575 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 482 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.11.2015 № 482 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 288 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4962 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағының 1)3)4)5)тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов