Әкімдіктің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 355 "Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 120 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 5549 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 482 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.11.2015 № 482 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21- бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 355 "Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген, 2014 жылы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру"  регламентінің мемлекеттік тілдегі барлық мәтіні бойынша:
      "процестердінің" деген сөз "процестерінің" деген сөзге ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну" регламентінің мемлекеттік тілдегі барлық мәтіні бойынша:
      "кызметкеріне" деген сөз "қызметкеріне" деген сөзге ауыстырылсын;
      "процесстерінің" деген сөз "процестерінің" деген сөзге ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов