Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 109 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 5534 болып тіркеді

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "шаруашалық" деген сөз "шаруашылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов