РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 148 Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылтөбе ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу схемасы мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және жер аймақтарының сипаттамасы осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. «Қызылтөбе селолық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы» 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/165 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-49 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымда № 24 (80) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 38/416 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 38/416 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Укибаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 30/309 шешіміне 2 қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Қызылтөбе ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар № |
Аймаққа енетін аумақтар |
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер |
1 |
Селитебтік аймақ |
2,0 |
2 |
Өндірістік аймақ |
1,8 |
3 |
Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы |
1,6 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ – Селитебтік, жеке тұрғын үй құрылысы, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беру мектептері, балабақшалар, спорт мектептері, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, мешіт, ұсақ жеке дүкендер желісі, кафе, мейрамханалар;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;
3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.