РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 381, 387 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 148 Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылтөбе ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 08 мамырдағы № 15/166 «Қызылтөбе селолық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-50 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 24 (80) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Укибаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М. Таңатар
20 наурыз 2015 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 30/310 шешіміне 2-қосымша
Қызылтөбе ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Аймақтар № |
Аймаққа енетін аумақтар |
Салық салу коэффициенттері |
1 |
Селитебтік аймақ |
1,4 |
2 |
Өндірістік аймақ |
1,5 |
3 |
Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы |
1,0 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Селитебтік, жеке тұрғын үй құрылысы, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беру мектептері, балабақшалар, спорт мектептері, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, мешіт, ұсақ жеке дүкендер желісі, кафе, мейрамханалар;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;
3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.