РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 381, 387 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 148 Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Дәулет ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Укибаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М. Таңатар
20 наурыз 2015 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
Ә. Өтегенов
20 наурыз 2015 жыл.
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 30/312 шешіміне 1-қосымша
Даулет ауылдық округін салық салу мақтсатында аймақтарға бөлу
СХЕМАСЫ
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 30/312 шешіміне 2-қосымша
Дәулет ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Аймақтар № |
Аймаққа енетін аумақтар |
Салық салу коэффициенттері |
1 |
Селитебтік аймақ |
1,4 |
2 |
Өндірістік аймақ |
1,5 |
3 |
Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы |
1,0 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ – Селитебтік – жеке тұрғын үй құрылысы, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беру мектептері, балабақшалар, емхана, кіші дүкендер жүйесі, кафе құрылыстары;
2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;
3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.