Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 2787 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 31.10.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Л.Жонасов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарыЕ.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

      "КЕЛІСЕДІ"

      Маңғыстау аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Озған Саттар Тұрашұлы

      29 маусым 2015 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусым № 12
шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 17.03.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ 166 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Орталық шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Қызылтұран шағын ауданының тұрғын үйлері, Қарашоқы шағын ауданының Мешіт – Базарлы автомобиль жолының шығыс жағында орналасқан барлық тұрғын үйлер, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Маңғыстау ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі, № 14 теміржол бекетінің тұрғын үйлері.

№ 167 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Алшын Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Базарлы, Бөгет, Мақаш, Құрылысшы шағын аудандарының тұрғын үйлері, Қарашоқы шағын ауданының Мешіт–Базарлы автомобиль жолының батыс жағында орналасқан барлық тұрғын үйлер.

№ 168 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Мекерия Атымов атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жаңаорпа, Ащыбұлақ шағын аудандарының тұрғын үйлері, Қызылтұран карьері, Аэропорт жерлеріндегі тұрғын үйлер, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан тұрғын үйлер.

№ 169 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шетпе-1 шағын ауданының тұрғын үйлері, "МырзАбек-Алтын Тас групп" акционерлік қоғамының жатақханасы, Шақырған, Қарашымырау, Шилібұлақ, Сиырсу, Көгез, Шілгөз, Арпалы, Иір жерлеріндегі тұрғын үйлер.

№ 170 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№5 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қосбұлақ, Қосбұлақ-2 шағын аудандарының тұрғын үйлері, Аусары елді мекенінің және №13 теміржол бекетінінің тұрғын үйлері.

№ 171 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты.

      Шекарасы: Сайөтес ауылының барлық тұрғын үйлері, №№ 6,7,9 теміржол бекеттерінің тұрғын үйлері.

№ 172 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайөтес ауылдық округі, Боздақ ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Боздақ бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боздақ ауылының барлық тұрғын үйлері.

№ 173 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қарақұдықмұнай" кенорны, №6 жатақхана ғимараты.

      Шекарасы: "Қарақұдықмұнай", "Кен-Сары", "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің вахта қалашықтары.

№ 174 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жыңғылды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Жыңғылды ауылының барлық тұрғын үйлері, Шат, Қарақолқа, Кабиналы, Ұланақ, Бірқарын, Шағылқора, Тұщықи, Ақбас, Сартөбе, Кеңқолтық, Жылыбауыр қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 175 сайлау учаскесі

      Орталығы: Отпан ауылдық округі, Тұщыбек ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұщыбек ауылының барлық тұрғын үйлері, "Аман бұлақ" кешені, "Адай Ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің тұрғын үйлері, 15-Бекет елді мекенінің тұрғын үйлері.

№ 176 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Шайыр ауылының барлық тұрғын үйлері, Боқтысай, Жалған, Боздақ, Шилі, Шағылсай, Қызылеспе, Аққорған, Қарабас, Құмаққора қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 177 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шайыр ауылдық округі, Тиген елді мекені, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық медициналық пункт ғимараты.

      Шекарасы: Тиген, Тасмұрын елді мекендерінің барлық тұрғын үйлері, Селеулі, Теріс бауыр, Бисалы, Шаршы қора, Керімді, Дағдұщы, Андығара, Ұзынбас, Шеккі қора, Қырықбасан, Ақсай, Қызыл ауыз, Қиян, Ботагөз, Қақпақты, Жырыққора, Шаршықора қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 178 сайлау учаскесі

      Орталығы: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Тұщықұдық ауылының барлық тұрғын үйлері, Қияқты, Досалы елді мекендерінің тұрғын үйлері.

№ 179 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Шебір ауылының барлық тұрғын үйлері, Бас, Қаламқас елді мекендерінің тұрғын үйлері, Жерүй қора, Сүйінші қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 180 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызан ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Қызан ауылының барлық тұрғын үйлері, Жиделі, Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген–1, Құдайберген–2 қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 181 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақшымырау ауылының барлық тұрғын үйлері, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстауларының тұрғын үйлері, "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен орнындағы тұрғын үйлер.

№ 182 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жармыш ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Жармыш жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жармыш ауылының барлық тұрғын үйлері, №№ 11, 12, 13 теміржол бекеттерінің тұрғын үйлері, Өреулі елді мекенінің тұрғын үйлері, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 183 сайлау учаскесі

      Орталығы: Онды ауылдық округі, Онды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Онды ауылының барлық тұрғын үйлері, Желдімұрын, Өңеже, Ұшан, Онды лагері, Жаңа су, Көрікті, Айыртам, Құмшоқы, Сайком қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 184 сайлау учаскесі

      Орталығы: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Бекі басатауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендерінің барлық тұрғын үйлері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 185 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Ұштаған ауылының барлық тұрғын үйлері, Жарма, Сазды елді мекендерінің тұрғын үйлері, Сауысқан қонысының тұрғын үйлері, Жаңаша қыстауының тұрғын үйлері.

№ 186 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаламқас" кенорны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" кенорнындағы "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы ұйымдарының вахта қалашығы.

№ 187 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаламқас" кен орны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" және "Қаратұрым" кен орнындарындағы вахта қалашықтары.