Сайлау учаскелерін құру туралы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 тамызда № 2813 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосындағы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылды- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 20.10.2015 № 78 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін Қарақия ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
      2. Мыналардың:
      "Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 92 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-124 болып тіркелген, "Қарақия "газетінде 2011 жылы 27 қазанда жарияланған);
      "Қарақия ауданында сайлау учаскесін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2634 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2015 жылы 26 наурызда жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемелекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Таубаевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Аудан әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қарақия аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Атағараев Дуйсенбай Айткалиевич
      14 тамыз 2015 жыл.

  Қарақия ауданы әкімінің
14 тамыз 2015 жылғы
№ 31 шешіміне қосымша

Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері
№ 145 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-71.
      Шекарасы: Құрық ауылының 1 шағын ауданының, 2 шағын ауданының № 4-47 үйлері, С.Датұлы, Қ.Сүйеуов, Ардагер көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

№ 146 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, "Құрық орта мектеп гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-45.
      Шекарасы: Құрық ауылының 2-шағын ауданының 49-55, 100-101 үйлері; 3, 3"а", 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандарының үйлері, Сәтпаев көшесінің № 29-38 үйлері, Маметова көшесінің № 25-49а үйлері, Т.Алиев көшесінің № 29-48 үйлері, Жангельдин көшесінің № 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 28а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-38а үйлері, Абай көшесінің 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14-28а үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің № 17-28а үйлері, Карьер көшесінің үйлері, Барлаушылар Массиві көшесінің үйлері.

№ 147 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, "Құрық ауылының № 6 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-11-89.
      Шекарасы: Құрық ауылының Жолаушылар массиві көшесінің үйлері, Сәтпаев көшесінің № 1-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 1-14а, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27 үйлері, Маметова көшесінің № 1-24 үйлері, Т.Алиев көшесінің № 1-28а үйлері, С.Әлиев көшесінің 1-14а үйлері, Абай көшесінің № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13 үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің № 1-14а үйлері, Автобаза, Қазақ ауыл, Авиатор, Сельхоз, Подстанция көшелерінің барлық үйлері, "Ерсай" жұмысшылар қалашығы, № 2018 әскери бөлімінің "Жыланды" шекарашылар заставасы, "Песчаный", "Жыланды" техникалық бақылау бекеттері.

№ 148 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ералиев станциясы, "№ 2 бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.
      Шекарасы: Ералиев станциясы, Маңғыстау шағын ауданы.

№ 149 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы ауылы, "Мұнайшы ауылының № 5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 27-2-03.
      Шекарасы: Мұнайшы ауылының Теміржолшы, Ардагер, Арман, Көктем, Бәйтерек шағын аудандарының, Қазақ ауыл көшесінің барлық үйлері, Шұкырой, Асар, Шынжыр-1, Шынжыр-2, Қонайқора, Бисенбай, Тасболат, Кожабай қыстақтарындағы үйлер.

№ 150 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы ауылы, "Мұнайшы ауылының № 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 28-2-73.
      Шекарасы: Мұнайшы ауылының Салтанат, Жаңақұрылыс, Акбөбек-1, Акбөбек-2, Мұрагер, Жаңақұрылыс-2, ВПЧ-18 шағын аудандары.

№ 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, "Жетібай ауылындағы № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. телефон/факс: 8/72937/ 26-2-30.
      Шекарасы: Жетібай ауылының Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандары.

№ 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, "Жетібай ауылының № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.
      Шекарасы: Жетібай ауылының Астана, Аэропорт, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандары.

№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің "Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-51.
      Шекарасы: Жетібай ауылының Мұнайшы-1, Т.Аубәкіров, М.Өскінбаев шағынаудандары, "Жаңақұрылыс" шағын ауданының № 103-156, 217-230 үйлері.

№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Жетібай мәдениет үйі" бөлімшесінің ғимараты. телефон/факс: 8/72937/ 26-1-30.
      Шекарасы: Жетібай ауылының "Жаңақұрылыс" шағынауданының барлық үйлері.

№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, "Жетібай ауылының № 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.
      Шекарасы: Жетібай ауылының Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы, Ұлутас, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері.

№ 156 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылы, "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Сенек мәдениет үйі" бөлімшесінің ғимараты, телефон/факс: 31-4-52.
      Шекарасы: Сенек ауылындағы барлық үйлер.

№ 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: Аққұдық ауылы, "Аққұдық орталау мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 41-010.
      Шекарасы: Аққұдық ауылындағы барлық үйлер.

№ 158 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бостан ауылы, "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Бостан мәдениет үйі" бөлімшесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 61-177.
      Шекарасы: Бостан ауылындағы, Қызылсу, Бостанқұм елді мекеніндегі барлық үйлер.

№ 159 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кұланды ауылы, "Құланды орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 71-020.
      Шекарасы: Құланды ауылындағы және Төлеп елді мекеніндегі барлық үйлер.

№ 160 сайлау учаскесі

      Орталығы: Болашақ ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің "Болашақ ауылдық округінің № 10 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72959/ 42-120.
      Шекарасы:Болашақ және Бопай ауылдарындағы барлық үйлер.