Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/282 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 2795 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе- жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 33/350 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Есенқосов).
      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Е. ЕсенқосовА.Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қарақия ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Абилов Баймұрат
      29 маусым 2015 жыл.

      "Қарақия аудандық жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Төлегенов Әбдіхалық
      29 маусым 2015 жыл.