Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 30/284 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 2785 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" 2001 жылдың 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы"1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылдың 21 мамырындағы № 504 және "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2338 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 22 қаңтарында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері), батыр қалаларды және әскери даңқ қалаларына баруын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге, қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге бару үшін жауынгерлердің отбасы мүшелері, (әрі қарай – шайқас болған және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушылар);
      жауынгерлердің отбасы мүшелері жерленген жерлерге 2 (екі) адамнан көп емес –жауынгердің отбасы мүшесі және оған ілесіп жүруші немесе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері және оған ілесіп жүруші жолданады";
      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы келесі мазмұндағы 6-2 тармақпен толықтырылсын:
      "6-2. Әлеуметтік көмек шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушылар үшін және ілесіп жүруші тұлғаға cапар аяқталғаннан кейін нақты шығындар бойынша, табысын есептеместен әр адамға 150 000 (бір жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде растайтын құжаттарымен бірге арызы бойынша бір рет беріледі. Аталған шараны қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.".
      3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Шудабаева).
      5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданыста болады.
      Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат
хатшысы
М.Молдағұлов

      
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Г.Н. Хайрлиева
      03 шілде 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.Н. Ким
      03 шілде 2015 жыл