"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 362 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 2927 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 121 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2459 болып тіркелген, 2014 жылы 3 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 26 «Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 болып тіркелген, 2015 жылы 4 сәуірде «Маңғыстау» газетінде жарияланған) бекітілген Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 1-тармағы.
      3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      комитетінің Маңғыстау облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаменті» республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М. Қадыр
      25 қараша 2015 жыл.
 

      «Маңғыстау облысының ауыл
      шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      25 қараша 2015 жыл.

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 362 қаулысымен
бекітілген

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
 
  1. Жалпы ережелер

      1. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны, лицензияның телнұсқасын беру, лицензияны қайта рәсімдеу немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – электрондық.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салуын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады жауапты орындаушыны анықтайды –1 (бір) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөнінде комитетінің тұтынушылардың құқығын қорғау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы аумақтық бөлiмшесіне (бұдан әрі – мүдделі орган) келісуге жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні;
      4) мүдделі орган лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттарды қарайды – 5 (бес) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияны дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні, лицензияны қайта рәсімдеу – 2 (екі) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасы – 1 (бір) жұмыс күні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады - 1 (бір) жұмыс күні;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді - 30 (отыз) минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп кеңседе тіркеу туралы белгі;
      2) жауапты орындаушыны анықтау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ұсынылған құжаттарды тексеруі;
      4) мүдделі органның ұсынылған құжаттарды қарауы;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;
      7) журналға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы белгі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) мүдделі орган.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді, бұрыштама қою үшін құжаттарды басшыға жолдайды – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, мүдделі органға сұрау салу жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;
      4) мүдделі орган ұсынылған құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестілігі немесе сәйкес еместігі туралы жауапты жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияны – 6 (алты) жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеуді – 2 (екі) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын – 1 (бір) жұмыс күні немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, қол қою үшін басшыға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға, лицензияның телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны, қайта ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты береді – 30 (отыз) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (iс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып тіркелген өзінің ЭЦҚ куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – компьютердің интернет-браузеріне көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен паролін порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен пароль логині арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелген деректерінің дұрыстығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі;
      6) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) келіп түседі;
      7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін төлем фактісін тексеру;
      8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы мәліметтердің сәйкестігін порталда тексеру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылуы;
      12) 8-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де электрондық құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-де) сұрау салуды өңдеу;
      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензияны беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
      15) 10-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылуы;
      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушы «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-де қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (iс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізуі (авторизациялау процесі);
      2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-ға логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизацилаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-де қалыптастыру;
      4) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      6) 2-шарт – ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-процесс – қағаз нысанда құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
      9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да сұрау салуды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – лицензияны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексереді;
      11) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің  2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды)
өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдi
және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша


 

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды)
өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдi
және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша