"Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 333 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада № 2889 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (З. Ж. Тастемірова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының білім басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      З.Ж. Тастемірова
      28 қазан 2015 жыл
 

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 333 қаулысымен
бекітілген

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 
  1. Жалпы ережелер

      1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11058 болып тіркелген) бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)  9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын алуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) Бөлімнің көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты маманы құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 20 минут;
      2) бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарауы - 20 минут;
      3) Конкурстық комиссияның құжаттарды қарауы – 1 сәуірге дейін;
      4) Бөлім басшысының хаттаманы қарауы – 1 жұмыс күні;
      5) Бөлім кеңсесінің жауапты маманы ұсыным – хатты тіркеуі – 20минут;
      6) Басқарманың көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты маманы құжаттарды қабылдау және тіркеу – 20 минут;
      7) Басқарма басшысының құжаттар топтамасын қарауы – 20минут;
      8) Маңғыстау оқу-әдістемелік орталығының эксперттік комиссиясы (бұдан әрі- Эксперттік комиссия) құжаттарды қарауы – 1 мамырға дейін;
      9) Басқарманың облыстық конкурстық комиссиясының (бұдан әрі-Басқарма комиссия) құжаттарды қарауы – 1 мамырға дейін;
      10) Басқарма басшысының хаттаманы қарауы – 1 жұмыс күні;
      11) Басқарма кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркеуі – 20 минут;
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.
      2) Құжаттар топтамасын конкурстық комиссияның қарауына жолдау;
      3) Ұсыным-хатты, хаттаманы құруы;
      4) Ұсыным-хатты, хаттаманы қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттамау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлім кеңсесінің жауапты маманы;
      2) Бөлім басшысы;
      3) Бөлімнің конкурстық комиссиясы;
      4) Басқарма кеңсесінің жауапты маманы;
      5) басқарма басшысы;
      6) эксперттік комиссия;
      7) Басқарманың конкурстық комиссиясы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      Бірінші кезеңді көрсетілетін қызметті беруші бөлім жыл сайын сәуірде өткізеді. Құжаттар 1 сәуірге дейін қабылданады.
      1) Бөлім кеңсесінің жауапты маманы стандарттың 9- тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды, тіркейді және одан әрі қарауға Бөлім басшысына жолдайды – 20 минут;
      2) Бөлім басшысы тапсырылған құжаттарды қарайды және Бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) қарауына жолдайды– 1 жұмыс күні;
      3) Бөлімнің конкурстық комиссиясы қатысушыларды бағалау үшін комиссия отырысын өткізеді, келіп түскен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайды, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді – 1сәуірге дейін. Хаттама негізінде ұсыным-хат дайындалады және бөлім басшысына қол қоюға жолданады;
      4) Бөлім басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, бөлім кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды – 1 жұмыс күні;
      5) Бөлім кеңсесінің жауапты маманы ұсыным – хатты тіркейді және басқарма кеңсесіне жолдайды– 20 минут;
      Екінші кезеңдегі конкурс басқарма жыл сайын мамырда өткізеді. Құжаттар 1 мамырға дейін қабылданады.
      6) Басқарма кеңсесінің жауапты маманы стандарттың 9 – тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды, тіркейді және одан әрі қарауға Басқарма басшысына жолдайды– 20 минут;
      7) Басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды қарайды және Эксперттік комиссия қарауына жолдайды – – 20 минут;
      8) эксперттік комиссия педагогтардың портфолиосын критерийлер бойынша бағалайды, отырыс өткізеді, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді және жыл сайын Басқарманың облыстық конкурстық комиссиясына жолдайды– 20 мамырға дейін;
      9) мүшелерінің саны 15 (он бес) адамнан кем емес Басқарма комиссиясы конкурс жеңімпаздарын жыл сайын мамырда анықтайды, хаттама әзірлейді және хаттама негізінде ұсыным-хат толтырады және Басқарма басшысына қол қою үшін жолдайды – 1 жұмыс күні;
      10) Басқарма басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, Басқарма кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды – 1 жұмыс күні;
      11) Басқарма кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық) қатысу үшін 30 тамызға дейін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне жолдайды – 20 минут.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
қосымша


 

Шартты белгілер:


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 333 қаулысымен
бекітілген

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 
  1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы конкурстық комиссияның шешімі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет берушіге «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11058 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет   стандартының(бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) Бөлім немесе Басқарма кеңсесінің жауапты маманы құжаттарды қабылдау және тіркеу – 20 минут;
      2) Басқарманың немесе Бөлімдегі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарауы - күнтізбелік 2 күн;
      3) Конкурстық комиссияның құжаттарды қарауы – күнтізбелік 22 күн;
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.
      2) Құжаттар топтамасын конкурстық комиссияның қарауына жолдау;
      3) Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы конкурстық комиссияның шешім қабылдауы.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлім кеңсесінің жауапты маманы;
      2) Басқарма кеңсесінің жауапты маманы;
      2) Бөлім басшысы;
      3) Басқарма басшысы;
      4) Бөлімнің конкурстық комиссиясы;
      5) Басқарманың конкурстық комиссиясы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлім немесе Басқарма кеңсесінің жауапты маманы стандарттың  9- тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды, тіркейді және одан әрі қарауға Бөлім немесе Басқарма басшысына одан әрі қарау үшін жолдайды – 20 минут. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда оларды қабылдаудан бас тартады.
      2) Бөлім немесе Басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды қарайды және Бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) қарауына жолдайды – күнтізбелік 2 күн;
      3) Бөлімнің немесе Басқарманың конкурстық комиссиясы конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу нысанасына отырыс өткізеді және дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдайды– күнтізбелік 22 күн;
      4) конкурстық комиссия үміткерлерге конкурсқа қатысу үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы комиссия отырысының хаттама көшірмесін ұсына отырып, жазбаша хабарлайды – күнтізбелік 5 күн.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына
қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің регламентіне қосымша


Шартты белгілер: