РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 76 «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 мамырда «Маңғыстау» газетінде жарияланған);
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 78 «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2712 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 мамырда «Маңғыстау» газетінде жарияланған).
3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
29 қыркүйек 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген
«Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға жүгінген кезде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) бекітілген «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Стандарттың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес мәліметтер нысаны;
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Стандарттың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес мәліметтер нысаны.
Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындау үшін жолдайды - 1 (бір) жұмыс күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды - 1 (бір) сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияны орналасқан жеріне бару туралы хабарлайды, комиссия құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, тексеру актісін жасайды, көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді – 10 (он) жұмыс күннен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді және қол қоюға береді.
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді.
8) облыс әкімі – 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыға қол қояды.
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді.
10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) келіп түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдау;
3) келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлау немесе өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту;
5) тексеру актісі, хаттамаға қол қою, көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдау;
6) облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу, оны ол қоюға беру;
7) қаулыны қол қоюға беру;
8) қаулыға қол қою;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына әкімдіктің қаулысын беру;
10) аттестаттау туралы куәлік беру.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-қимылы тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) комиссия;
6) облыс әкімі;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 20 (жиырма) минуттың ішінде қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындау үшін жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлайды, комиссия құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сондай-ақ тексеру актісін жасайды, көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді - 10 (он) жұмыс күннен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді;
8) облыс әкімі 1 (бір) жұмыс қүннің ішінде қаулыға қол қояды;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына Стандарттың қосымшасына сәйкес өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырады. Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады;
2) 1 - процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО операторы ХҚО кіріктірілген ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО КАЖ АЖО) логинді және парольді енгізу(авторизациялау процесі);
3) 2- процесс – ХҚО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізу, сонымен қатар сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізу;
4) 3 - процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен қатар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау салу жолдау;
5) 1 - шарт – ЖТ МДҚ-да /ЗТ – МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің, БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру;
6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ-да /ЗТ МДҚ- да және сенімхаттың БНАЖ-да мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіншілік жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5 - процесс – «электрондық үкіметтің» аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ЭҮШ арқылы ХҚО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу процесін сипаттау:
1) 6 - процесс – электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-да тіркеу;
2) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
3) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
4) 8 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу (авторизациялау процесі);
3) 1 - шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталда қалыптастыру;
5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы «Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды бекіту;
6) 4 - процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (бұдан әрі –ЭҮТШ) мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «ЕЛ» МДБ АЖ) келіп түседі;
7) 2 - шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу дерегін тексеру;
8) 5 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6 - процесс – сұрау салу куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
10) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 - процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ) сұрау салуды өңдеу;
14) 4 шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеруі;
15) 10 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11- процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттiң 1-қосымшасындакелтірілген.
13. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
1) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль енгізуі (авторлау процесі);
2) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастыру;
4) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
5) 4 - процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салуды жолдау;
6) 2 - шарт – ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5 - процесс – ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6 - процесс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
9) 7 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да сұрау салуды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеу;
10) 3 - шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
11) 8- процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) ХҚОмен өзара іс-қимыл тәртібінің және мелекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығына сәйкес осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді
және тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді
және тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген
«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) бекітілген «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны.
Құжаттарды қабылдау тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді - 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындау үшін жолдайды - 1 (бір) жұмыс күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды - 1 (бір) сағаттың ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияға ұсынылған құжаттарды жолдайды, комиссия құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және орналасқан жеріне барады немесе ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сондай-ақ тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді және қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағаттың ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді.
8) облыс әкімі – 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыға қол қояды;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) келіп түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдау;
3) келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлау немесе өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту;
5) тексеру актісі, хаттамаға қол қою, көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдау;
6) облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу, оны ол қоюға беру;
7) қаулыны қол қоюға беру;
8) қаулыға қол қою;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің қаулысын беру;
10) аттестаттау туралы куәлік беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-қимылы тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) комиссия;
6) облыс әкімі;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияны ұсынылған құжаттарды жолдайды, комиссия құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және орналасқан жеріне барады немесе ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сондай-ақ тексеру актісін жасайды, көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағаттың ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді;
8) облыс әкімі 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыға қол қояды;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімнің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:
1) Көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып тіркелген өзінің ЭЦҚ куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2) 1 - процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне тіркелген ЭЦҚ куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу (авторластыру үдерісі);
3) 1 - шарт – тіркелген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин жеке сәйкестендіру номері/бизнес сәйкестендіру (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2- процесс –көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3 - процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының осы «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беру;
6) 4 - процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (бұдан әрі –ЭҮТШ) мемлекеттік қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е- лицензиялау» МДБ АЖ) келіп түседі;
7) 2 - шарт–«ЕЛ» МДБАЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу дерегін тексеру;
8) 5 - процесс – «Е- лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6 - процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдау;
10) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
11) 7 - процесс – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 - процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9 - процесс – «Е- лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі –«Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ) сұранысты өңдеу;
14) 4 - шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
15) 10 - процесс – «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (куәлікті) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) 1- процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль енгізуі (авторластыру үдерісі);
2) 1 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастыру;
4) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің таңдауы осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің қызмет алушы деректерін енгізуі;
5) 4 - процесс – «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлға мемлекеттік деректер базасы/заңды тұлға мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі –ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салу;
6) 2 шарт –ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы дерек-терінің болуын тексеру;
7) 5 - процесс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6 - процесс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
9) 7 - процесс – «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да сұранысты тіркеу және мемлекеттік қызметті өңдеу;
10) 3 - шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
11) 8 - процесс – «Е- лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9 - процесс – «Е лицензиялау» МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) көрсетілетін қызмет алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастыру.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) ХҚОмен өзара іс-қимыл тәртібінің және мелекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығына сәйкес осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша