РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 28 «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2637 болып тіркелген, 2015 жылы 21 наурызда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы С. Алдашев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
20 тамыз 2015 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 тамыз
№ 259 қаулысымен
бекітілген
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің өтінімін және «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген өзге де құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының алуы болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан артық емес;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
3) Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті нысан бойынша субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе), тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкіміне бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді алғаннан кейін бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) Бөлім аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен кейін Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6) Басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды. Деректердің сәйкессіздігі және құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке қосудан бас тартады – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
7) Басқарма тиісті жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі;
2) интернет-ресурста және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру;
3) құжаттарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкіміне бекітуге жолдау;
4) аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекіту;
5) аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді Басқармаға ұсыну;
6) жиынтық актілерді жасау және бекіту немесе субсидияларды төлеуден бас тарту;
7) аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Бөлім;
3) Комиссия;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;
5) Басқарма.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан артық емес;
2) Бөлім 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
3) Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін аудан бойынша тізбені, аудан бойынша тізілімді қалыптастырады, оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкіміне бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді алғаннан кейін бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) Бөлім аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен кейін Басқармаға ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6) Басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап облыс бойынша жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды. Деректердің сәйкессіздігі және құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке қосудан бас тартады – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
7) Басқарма тиісті жиынтық ведомості бекітілгеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша