РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 81 «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғимарат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2435 болып тіркелген, 2014 жылы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы С.Алдашев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
дін істері басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е.Ж. Есбергенов
20 тамыз 2015 жылы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 тамыз
№ 258 қаулысымен
бекітілген
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс- қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – күнтізбелік 5 (бес) күн;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келісу – күнтізбелік 17 (он жеті) күн;
6) облыс әкімінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 5 (бес) күн;
7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – күнтізбелік 1 (бір) күн.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасымен көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
4) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберу;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін облыс әкіміне қол қоюға жіберу;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу;
7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы көрсетілетін қызметті алушының қолы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) облыс әкімі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жібереді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – күнтізбелік 5 (бес) күн;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді –күнтізбелік 1 (бір) күн;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келісім жүргізеді және облыс әкіміне қол қоюға жібереді – күнтізбелік 17 (он жеті) күн;
6) облыс әкімі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – күнтізбелік 5 (бес) күн;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға береді – күнтізбелік 1 (бір) күн.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 тамыз
№ 258 қаулысымен
бекітілген
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – күнтізбелік 5 (бес) күн;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келісу – күнтізбелік 17 (он жеті) күн;
6) облыс әкімінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 5 (бес) күн;
7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – күнтізбелік 1 (бір) күн.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасымен көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
4) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберу;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін облыс әкіміне қол қоюға жіберу;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу;
7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы көрсетілетін қызметті алушының қолы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) облыс әкімі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жібереді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – күнтізбелік 5 (бес) күн;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келісім жүргізеді және облыс әкіміне қол қоюға жібереді – күнтізбелік 17 (он жеті) күн;
6) облыс әкімі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – күнтізбелік 5 (бес) күн;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға береді – күнтізбелік 1 (бір) күн.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау туралы
шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы