Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 251 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 2832 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 106 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2443 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымда «Маңғыстау» газетінде жарияланған);
      Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 237 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 106 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2499 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.И. Пахомов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                       С. Алдашев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының
      дене шынықтыру және
      спорт басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      С.И. Пахомов
      14 тамыз 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыз
№ 251 қаулысымен
бекітілген

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
  1. Жалпы ережелер

      1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.
      Порталда – уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды алуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
      аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің өтiнiшті қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы және спорт федерацияларын аккредиттеу туралы комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына құжаттарды жіберуі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      4) Комиссияның құжаттарды қарауы – күнтізбелік 8 (сегіз) күн;
      5) бұйрықтың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының әзірлеуі, келісуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынуы – күнтізбелік 3 (үш) күн;
      6) бұйрықтың жобасына көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеуі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      8) аккредиттеу туралы куәлікке көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      9) аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру – 30 (отыз) минут;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу немесе аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің өтiнiшті қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы – күнтізбелік 3 (үш) күн;
      4) аккредиттеу туралы куәлікке көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      5) аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру – 30 (отыз) минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және уақыты көрсетілген өтiнiштің көшірмесіндегі белгі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтау;
      3) құжаттарды Комиссияның қарауына енгізу;
      4) Комиссияның хаттамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жіберу;
      5) бұйрықтың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;
      6) бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жіберу;
      7) аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;
      8) аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу;
      9) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы көрсетілетін қызметті алушының қолы;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу немесе аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және уақыты көрсетілген өтiнiштің көшірмесіндегі белгі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
      4) аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы көрсетілетін қызметті алушының қолы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      4) Комиссия.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына орындауға жібереді – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қарайды, Комиссияның қарауына енгізеді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      4) Комиссия құжаттарды қарайды, қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді не аккредиттеуден бас тартуды ұсынады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына хаттаманы жолдайды – күнтізбелік 8 (сегіз) күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы Комиссияның хаттамасының негізінде бұйрықтың жобасын дайындайды, тиісінше келісуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады – күнтізбелік 3 (үш) күн;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы бұйрықтың негізінде аккредиттеу туралы куәлікті дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы аккредиттеу туралы куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері аккредиттеу туралы куәлікті тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу немесе аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына орындауға жібереді – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қарайды, аккредиттеу туралы куәлікті дайындайды, тиісті келісуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады – күнтізбелік 3 (үш) күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы аккредиттеу туралы куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері аккредиттеу туралы куәлікті тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау осы «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1 – қосымшасына сәйкес диаграммамен келтірілген:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН және парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетiлген мемлекеттік көрсетілетін қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған экранға сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректер енгізуі), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және кері шақырылған (күші жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) өңдеу үшiн «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО) жолдау, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшiн сұрау салуды қанағаттандыруы;
      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО электрондық құжатты тiркеуi;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық құжаттың (сұрау салудың) мемлекеттік қызметті көрсету үшін негiздерге сәйкес келуiн тексеруі (өңдеуі);
      11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанында хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 23-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Жергілікті спорт федерацияларына
аккредиттеу туралы куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 – қосымша

«Жергілікті спорт федерацияларына
аккредиттеу туралы куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 – қосымша

«Жергілікті спорт федерацияларына
аккредиттеу туралы куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3 – қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыз
№ 251 қаулысымен
бекітілген

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
  1. Жалпы ережелер

      1. «Қ азақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлектеттік қызмет) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатты беру туралы куәлік не спорттық разрядты, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды алуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтiнiшті қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – күнтізбелік 26 (жиырма алты) күн;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 2 (екі) күн;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО-ға жолдау – күнтізбелік 1 (бір) күн.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) өтiнiшті тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
      4) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу;
      5) орындалған құжаттардың тізілімі бар хат.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына орындау үшін жібереді –күнтізбелік 1 (бір) күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – күнтізбелік 26 (жиырма алты) күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді – күнтізбелік 2 (екі) күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн.

4. ХҚО-мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға өтініш береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тандауы бойынша көрсетіледі, жылдам қызмет көрсетуден басқа «электрондық кезек» тәртібі және портал арқылы электрондық кезекті броньдау арқылы жүргізіледі.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін келтіреді, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
      2) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын сәйкестендіруді жүзеге асырады және Стандартта көзделген құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, өтінішті тіркеуді жүргізеді.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      3) ХҚО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге пошта не курьерлік қызмет бойынша береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші қарау, ресімдеу, спорттық разрядтар, санаттар беру рәсімін жүргізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ХҚО-на пошта не курьерлік қызмет бойынша жолдайды, бұл ретте ХҚО ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО АЖ) белгілейді;
      5) ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      10. ХҚО-да дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      11. ХҚО мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір айдың ішінде өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші ХҚО сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жолдайды.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат,
1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыз
№ 251 қаулысымен
бекітілген

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
  1. Жалпы ережелер

      «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатты беру туралы куәлік не спорттық разрядты, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті және басқа құжаттарды алуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтiнiшті қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – күнтізбелік 26 (жиырма алты) күн;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – күнтізбелік 2 (екі) күн;
      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО-ға жолдау – күнтізбелік 1 (бір) күн.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) өтiнiшті тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
      4) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жіберу;
      5) орындалған құжаттардың тізілімі бар хат.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына орындауға жібереді – күнтізбелік 1 (бір) күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – күнтізбелік 26 (жиырма алты) күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді – күнтізбелік 2 (екі) күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн.

4. ХҚО-мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға өтініш береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі және портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін келтіреді, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
      2) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын сәйкестендіруді жүзеге асырады және Стандартта көзделген құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, өтінішті тіркеуді жүргізеді.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      3) ХҚО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге пошта не курьерлік қызмет бойынша береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші қарау, ресімдеу, спорттық разрядтар, санаттар беру рәсімін жүргізеді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ХҚО-на пошта не курьерлік қызмет бойынша жолдайды, бұл ретте ХҚО ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО АЖ) белгілейді;
      5) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      10. ХҚО дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      11. ХҚО мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір айдың ішінде өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші ХҚО сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-да жолдайды.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер
разрядындағы спортшы, 2-жасөспірімдер разрядындағы
спортшы, 3-жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық
разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша