Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 270 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда "Маңғыстау" газетінде жарияланған);
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 270 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2723 болып тіркелген, 2015 жылы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және "Маңғыстау" газетінде жарияланған).
3. "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі (В.Т. Мұстапаева) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Алдашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының
кәсіпкерлік және сауда басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
В.Т. Мұстапаева
11 тамыз 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыз № 241 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
Қолданыстағы кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы қолдаухаттарды қабылдауды екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компания жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті және "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, 20 (жиырма) минут.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушы құжаттар топтамасының және қажетті тиісті ақпараттың толықтығын тексеруді жүргізеді, оны ӨҮК қарауына жолдайды, 15 (он бес) жұмыс күн.
Нәтижесі – құжаттар топтамасын ӨҮК қарауына жолдау;
4) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарауды және талқылауды жүзеге асырады, тиісті шешім қабылдайды, 4 (төрт) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасы;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды, 3 (үш) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын қарайды және қол қояды, 2 (екі) сағат.
Нәтижесі – қол қойылған ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға, банкке және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені береді, 1(бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді және бұрыштама қою үшін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды, құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн;
3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, оны ӨҮК қарауына жолдайды – 15 (он бес) жұмыс күн;
4) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарайды, тиісті шешім қабылдайды, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын береді – 4 (төрт) жұмыс күн;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін береді – 3 (үш) жұмыс күн;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасына қол қояды, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға, банкке және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына береді – 1 (бір) жұмыс күн.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Шартты белгілер:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыз № 241 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының кеңсесі жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті және "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, 20 (жиырма) минут.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушы құжаттар топтамасының және қажетті тиісті ақпараттың толықтығын тексеруді жүргізеді, оны ӨҮК қарауына жолдайды, 6 (алты) жұмыс күн.
Нәтижесі – құжаттар топтамасын ӨҮК қарауына жолдау;
4) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарауды және талқылауды жүзеге асырады, тиісті шешім қабылдайды, 4 (төрт) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасы;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды, 3 (үш) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын қарайды және қол қояды, 2 (екі) сағат.
Нәтижесі – қол қойылған ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға, банкке және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені береді, 1(бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді және бұрыштама қою үшін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды, құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн;
3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, оны ӨҮК қарауына жолдайды – 6 (алты) жұмыс күн;
4) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарайды, тиісті шешім қабылдайды, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын береді – 4 (төрт) жұмыс күн;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін береді – 3 (үш) жұмыс күн;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасына қол қояды, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға, банкке және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына береді – 1 (бір) жұмыс күн.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру"мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Шартты белгілер:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыз № 241 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті"
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі) облыстың жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грантты беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті және "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, 20 (жиырма) минут.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушы құжаттар топтамасының және қажетті тиісті ақпараттың толықтығын тексеруді жүргізеді, оны конкурстық комиссияның қарауына жолдайды, 25 (жиырма бес) жұмыс күн.
Нәтижесі – құжаттар топтамасын конкурстық комиссияның қарауына жолдау;
4) конкурстық комиссия конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделетін гранттар беру туралы немесе оларды беруден бас тарту туралы ұсынымдар береді, 4 (төрт) жұмыс күн.
Нәтижесі – конкурстық комиссия отырысының хаттамасы;
5) жауапты орындаушы конкурстық комиссияның хаттамасын Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) қарауына жолдайды, 4 (төрт) жұмыс күн.
Нәтижесі – конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ӨҮК қарауына жолдау;
6) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарауды және талқылауды жүзеге асырады, тиісті шешім қабылдайды, 3 (үш) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасы;
7) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды, 3 (үш) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын қарайды және қол қояды, 2 (екі) сағат.
Нәтижесі – қол қойылған ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесін конкурстық комиссияға, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілетін қызметті алушыға береді, 20 (жиырма) минут.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және көрсетілетін қызметті алушы шарт жасасады, 3 (үш) жұмыс күн.
Нәтижесі – қол қойылған шарт.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) конкурстық комиссия;
5) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді және бұрыштама қою үшін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды, құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн;
3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, оны конкурстық комиссияның қарауына жолдайды – 25 (жиырма бес) жұмыс күн;
4) конкурстық комиссия конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделетін гранттар беру туралы немесе оларды беруден бас тарту туралы ұсынымдар береді – 4 (төрт) жұмыс күн;
5) жауапты орындаушы конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ӨҮК қарауына жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күн;
6) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарайды, тиісті шешім қабылдайды, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын береді – 3 (үш) жұмыс күн;
7) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін береді – 3 (үш) жұмыс күн;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасына қол қояды, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені конкурстық комиссияға, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 (жиырма) минут;
10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және көрсетілетін қызметті алушы шарт жасасады – 3 (үш) жұмыс күн.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Бизнестің жол картасы – 2020" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай | |
бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік | |
гранттар беру"мемлекеттік көрсетілетін | |
қызмет регламентіне қосымша |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Шартты белгілері:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыз № 241 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті және "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.09.2016 № 269 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, 20 (жиырма) минут.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушы құжаттар топтамасының және қажетті тиісті ақпараттың толықтығын тексеруді жүргізеді, оны ӨҮК қарауына жолдайды, 6 (алты) жұмыс күн.
Нәтижесі – құжаттар топтамасын ӨҮК қарауына жолдау;
4) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарауды және талқылауды жүзеге асырады, тиісті шешім қабылдайды, 4 (төрт) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасы;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды, 3 (үш) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын қарайды және қол қояды, 2 (екі) сағат.
Нәтижесі – қол қойылған ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені береді, 1 (бір) жұмыс күн.
Нәтижесі – ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді және бұрыштама қою үшін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді, тиісті бұрыштама қояды, құжаттар топтамасын жауапты орындаушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн;
3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, оны ӨҮК қарауына жолдайды – 6 (алты) жұмыс күн;
4) ӨҮК ұсынылған құжаттар топтамасын қарайды, тиісті шешім қабылдайды, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын береді – 4 (төрт) жұмыс күн;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасын дайындайды, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін береді – 3 (үш) жұмыс күн;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің жобасына қол қояды, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.