Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 232 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қыркүйекте № 2816 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      31 шілде 2015 жыл
 

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 232 қаулысына
қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 84 «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2438 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 90 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2441 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 91 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2442 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 302 «Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2580 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
 

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 шілдеде
№ 232 қаулысымен бекітілген

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 

      1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      мекенжайлары www.con.gov.kz сайтында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық);
      «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Орталыққа өтініш берген кезде – жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама;
      2) Портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.
      Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді іске асырады – бес минуттан артық емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – он бес минуттан артық емес. Нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтамаға қол қою;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы қол қойылған анықтама береді – он минуттан артық емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы танысу және қол қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдайды – бес минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы танысады және қол қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – он бес минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы қол қойылған анықтама береді – он минуттан артық емес.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінің көмегімен ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық деректер нысанында алады – он минуттан артық емес.
      Орталықтың қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі – бес минуттан артық емес.
      11. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру Орталыққа жеке хабарласқан кезде (немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) «терезе» көмегімен іске асырылады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтің нәтижесін алуға белгіленген мерзімде хабарласпаған жағдайда, Орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны Орталықтың мұрағатына береді.
      13. Портал арқылы көрсетілетін қызмет берушінің қадам бойынша әрекеттері және шешімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады;
      2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
      3) 1-шарт – Порталда ЖСН/БСН және пароль тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – Порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;
      6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету үшін негіздерді сәйкестікке тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен Портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
      14. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламентке  1-қосымшағасәйкес диаграммада келтірілген.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен Орталықпен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 – қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 – қосымша

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 шілдеде
№ 232 қаулысымен бекітілген

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін облыс бойынша жиынтық акт болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар пакетімен өтінім қабылдауды іске асырады, оларды тіркеуді жүргізеді – отыз минуттан артық емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттар пакеті мен өтінім туралы талон береді және жауапты орындаушыға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған өтінім мен құжаттар пакетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді – бес жұмыс күні.
      Нәтижесі:
      жеке бағыт бойынша субсидия алуға өтінімді алғаш рет берген жағдайда, өткен айда субсидия алу өтінімімен салыстырғанда өндіріс деңгейі артқан жағдайда, жеке бағыт бойынша берілген өтінім көлемдері өткен айдағы өтінімдерінен жиырма пайыздан аса артық болғанда – көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет ету орнына баруды жүзеге асырады;
      құжаттар пакеті толымсыз немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжатты кері қайтарады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімде ұсынылған деректерін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің бірыңғай ақпараттық базасында (бұдан әрі – АТЖ) және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында (бұдан әрі – АЖС) тексеруді жүзеге асырады – екі жұмыс күні. Нәтижесі – ірі қара және қойларға қатысты бағыттарды субсидиялау кезінде – селекциялық және асыл тұқымды жұмысының бірыңғай ақпараттық базасынан (АТЖ-ден), «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» жүйесінен (АЖС-ден) алынған үзінділермен/есептермен толықтырады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасайды, аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жолдайды, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) бекітілген жиынтық актіні ұсынады – он үш жұмыс күні. Нәтижесі – Басқарма жиынтық актіні тиісті тіркеу журналына тіркейді;
      5) Басқарма көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынған жиынтық актілерді тіркейді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестікке қарайды – үш жұмыс күні.
      Нәтижесі – ұсынылған жиынтық актілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қайтару себептерін көрсете отырып, жиынтық актілерді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына пысықтауға қайтарады – үш жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні Басқармаға қайта енгізеді – бес жұмыс күні, ал мүмкін болмаған жағдайда – қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарады.
      Нәтижесі – ұсынылған жиынтық актілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілген мерзім ішінде жиынтық актілерді аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды;
      6) Комиссия отырыс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға тиесілі субсидия көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акт жасайды және Комиссия төрағасына ұсынады – бір жұмыс күні. Нәтижесі – облыс бойынша жиынтық актіні Комиссия төрағасының бекітуіне жолдайды;
      7) Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді – бір жұмыс күні. Нәтижесі – бекітілген облыс бойынша жиынтық акт;
      8) Комиссия бекітілген облыс бойынша жиынтық актіні Басқармаға жолдайды – бір жұмыс күні. Нәтижесі – Басқармаға облыс бойынша қол қойылған жиынтық актіні ұсынады;
      9) Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарын береді – үш жұмыс күні. Нәтижесі – төлем шоттары.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) Басқарма;
      4) Комиссия;
      5) Комиссия төрағасы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар пакеті мен өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркеуді жүргізеді, жауапты орындаушыға жолдайды – отыз минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар пакеті мен өтінімнің толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы қызметінің орнына баруды жүзеге асырады, заңнамада көзделген жағдайда ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады, көрсетілетін қызметті алушы өтінімде ұсынған деректерді тиісті деректер базасында тексеруді жүзеге асырады, өтінімді тиісті үзінділермен/есептермен толықтырады, жиынтық актісін жасайды және аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жолдайды – он жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Басқармаға бекітілген жиынтық актіні ұсынады – он жұмыс күні;
      4) Басқарма жиынтық актілерді тіркейді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды, заңнамада көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жиынтық актілерді пысықтауға қайтарады, заңнамада көзделген жағдайларда аудан бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жолдайды – үш жұмыс күні;
      5) Комиссия отырыс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға тиесілі субсидия көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акт жасайды, Комиссия төрағасына бекітуге жолдайды – бір жұмыс күні;
      6) Комиссия төрағасы Комиссиямен ұсынылған облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді – бір жұмыс күні;
      7) Комиссия бекітілген облыс бойынша жиынтық актіні Басқармаға жолдайды – бір жұмыс күні;
      8) Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем есепшоттарын береді – үш жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің
өнімділігі мен сапасын арттыруды
субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер: