Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 211 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 тамызда № 2815 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2436 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда «Маңғыстау» газетінде жарияланған);
      2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 268 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2544 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсанда «Маңғыстау» газетінде жарияланған).
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының
      дін істері басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Е.Ж. Есбергенов
      27 шілде 2015 жылғы
 

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілде
№ 211 қаулысымен
бекітілген

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны-қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан - әрі Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауына негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) қызметті берушінің кеңсесі құжаттарын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қоюға басшыға жолдайды – 30 минут. Нәтижесі - қызмет алушының қызметті берушінің мөртабаны бар өтінішінің көшірмесі;
      2) қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, бұрыштамада мемлекеттік қызметті көрсететін жауапты орындаушыны анықтайды – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді және куәлігін немесе куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды – 27 күнтізбелік күн. Нәтижесі – куәлігін немесе куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындау;
      4) қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – куәлігіне қол қою және елтанбалық мөрімен растау немесе куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қою;
      5) қызметті берушінің жауапты орындаушысы миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін немесе куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелденген жауапты береді – 30 минут. Нәтижесі – қызметті алушының куәлікті беру журналында қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс- қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      2) қызметті берушінің басшысы;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) қызметті берушінің кеңсесі құжаттарын қабылдайды, құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда құжатты қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсету арқылы, құжаттардың қабылданған күні мен уақытынан тұратын, көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар қызметті алушы өтінішінің көшірмесі беріледі және бұрыштама қою үшін басшыға жолданады – 30 минут;
      2) қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және жауапты орындаушыға жолдайды – 1 күнтізбелік күн;
      3) жауапты орындаушы қызмет алушының келіп түскен құжаттарын қарайды, деректерін тексереді және зерделейді мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 27 күнтізбелік күн;
      4) қызметті берушінің басшысы куәлікке қол қояды және елтанбалық мөрмен растайды, немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қояды – 1 күнтізбелік күн;
      5) қызметті берушінің жауапты орындаушысы миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін немесе куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелденген жауапты береді – 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдарының) ретін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді
жүргізу» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілде
№ 211 қаулысымен бекітілген

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс- қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан алуы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауына негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс – қимылдар):
      1) қызметті берушінің кеңсесі құжаттарын қабылдайды, тіркейді және бұрыштамаға қол қоюға басшысына жолдайды – 30 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар қызметті алушы өтінішінің көшірмесі;
      2) қызметті берушінің басшысы бұрыштамада мемлекеттік көрсетілетін қызметке орындаушыны көрсете отырып құжаттармен танысады – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді және «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» облыс әкімдігі қаулысының жобасын басшыға жолдайды – 5 күнтізбелік күн. Нәтижесі – қаулы жобасын дайындау;
      4) қызметті берушінің басшысы қаулы жобасымен танысады кейіннен келесім береді – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – қаулы жобасына келісім беру;
      5) қызметті берушінің жауапты орындаушысы қаулы жобасына келісім жүргізеді және облыс әкіміне қол қоюға жолдайды – 23 күнтізбелік күн. Нәтижесі – қол қойылған қаулы;
      6) қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушыға шешімді береді – 30 минут. Нәтижесі – шешім беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс- қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      2) қызметті берушінің басшысы;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) қызметті берушінің кеңсесі құжаттарын қабылдайды, тіркейді және бұрыштама қоюға басшыға жолдайды – 30 минут;
      2) қызметті берушінің басшысы бұрыштамада мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты орындаушыны көрсете отырып құжаттармен танысады – 1 күнтізбелік күн;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді және басшыға қаулы жобасын береді – 5 күнтізбелік күн;
      4) қызметті берушінің басшысы қаулы жобасымен танысады, кейіннен келісім береді – 1 күнтізбелік күн;
      5) қызметті берушінің жауапты орындаушысы қаулы жобасына келісім жүргізеді және облыс әкіміне қол қоюға жолдайды – 23 күнтізбелік күн.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдарының) ретін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де
ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды
тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың
орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілде
№ 211 қаулысымен бекітілген

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) заңды тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісім туралы келісу-хат не «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан алуы мемлекеттік қызмет көрсету үшін рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауына негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) қызметті берушінің кеңсесі құжаттарын тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштамаға қол қоюға басшыға жолдайды – 30 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар қызмет алушы өтінішінің көшірмесі;
      2) қызметті берушінің басшысы бұрыштамада мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты орындаушыны көрсете отырып құжаттармен танысады – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді және келісім-хатты дайындайды – 27 күнтізбелік күн. Нәтижесі – келісім-хатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хатты дайындайды;
      4) қызметті берушінің басшысы келісім хатпен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен танысады – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – келісім-хатқа немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қою;
      5) қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушыға келісім-хатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты береді – 30 минут. Нәтижесі – келісім-хатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызметті берушінің кеңсесі;
      3) қызметті берушінің басшысы;
      4) қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) қызметті берушінің кеңсесі құжаттарын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қоюға басшыға жолдайды – 30 минут;
      2) қызметті берушінің басшысы бұрыштамада мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты орындаушыны көрсете отырып құжаттармен танысады – 1 күнтізбелік күн;
      3) қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді және келісім-хатты дайындайды – 27 күнтізбелік күн;
      4) қызметті берушінің басшысы келісім-хатпен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен танысады – 1 күнтізбелік күн;
      5) қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушыға келісім-хатты немесе мемлекеттік қызмет көрсету бас тарту туралы дәлелденген жауапты береді – 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдарының) ретін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Шартты белгілер: