Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 207 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 2808 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 107 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2448 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 259 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 107 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қарашада "Маңғыстау" газетінде жарияланған).
      3. "Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Т. Базарбаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының мәдениет
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      Г.Ж. Базаралиева
      23 шілде 2015 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілде № 207
қаулысымен бекітілген

"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1."Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.e.gov.kz, "электрондық үкiмет" веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: Ғ электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі ҒҒ– куәлік) беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 "Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген) бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (б ұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген электронды сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкерінің құжаттарды тіркеуі;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының құжаттарды қарауы;
      4) орындаушының құжаттарды қарауы;
      5) сараптау комиссиясының құжаттарды қарауы;
      6) орындаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеуі;
      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы;
      8) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) орындаушы;
      5) сараптау комиссиясы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді, бұл ретте өтініштің көшірмесіне белгі қояды – 10 (он) минут;
      Көрсетілетін қызметті алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге сараптамаға ұсынылған заттар қабылдау және өткізу журналында белгіленеді. Сараптама өткізілгеннен кейін ұсынылған затарды қабылдау және өткізу журналына белгі қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және одан әрі қарауы үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжаттарды орындаушыға одан әрі қарауы үшін береді – 1 (бір) жұмыс күн;
      4) орындаушы құжаттарды сараптау комиссиясының қарауына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күн;
      5) сараптау комиссиясы келіп түскен құжаттарды қарайды және қорытынды береді – 5 (бес) жұмыс күн;
      6) орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюы үшін жібереді – 1 (бір) жұмыс күн;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды – 10 (он) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды (береді) – 10 (он) минут.

4. Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4 тараудың атауы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.10.2016 № 324 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. ЭҮП ар қылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-да парольдi енгiзу процесі (авторлау процесі);
      3) 1 - шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және пароль арқылы тiркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын ЭҮП-да тексеру;
      4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-да авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекіту;
      6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      7) 2 - шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендірме деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН) сәйкестігін тексеру;
      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 - процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
      11) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      12) 8 - процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      9. ЭҮП ар қылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) 1- процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізу (авторлау процесі);
      2) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгені туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастыру;
      4) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      5) 4 - процесс – "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына/"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректеріне сұрау салуды жолдау;
      6) 2 - шарт – ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болуын тексеру;
      7) 5 - процесс – ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 - процесс – қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7 - процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да өңдеу;
      10) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін тексеруі;
      11) 8 - процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтарының болуына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (куәлік) алуы. Электрондық құжат мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасындакелтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық - жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы ЭҮП - да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 - қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама


Аяқтаушы хабарлама


Аралық хабарлама


Аяқтайтын қарапайым оқиға


Қате


Ақпараттық жүйе


Процесс


Шарт


Хабарлама ағыны


Басқару ағыны


Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

  "Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 – қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама


Аяқтаушы хабарлама


Аралық хабарлама


Аяқтайтын қарапайым оқиға


Қате


Оқиғалар-таймерлер


Ақпараттық жүйе


Процесс


Шарт


Хабарлама ағыны


Басқару ағыны


Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

  "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3- қосымша

"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Шартты белгілер:


мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы


таңдау нұсқасы


көрсетілетін қызметті алушы ресімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы


келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілде № 207
қаулысымен бекітілген

"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.e.gov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы, www.elicense.kz, (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім хатын беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішін қағаз нұсқасында ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
      ЭҮП-да мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiне" жолданып, сақталады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 "Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген) бекітілген "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электронды сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ресімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
      2) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына одан әрі жұмыс жасауы үшін жолдауы;
      3) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысының қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдауы;
      4) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте өтініштің көшірмесіне тіркелген күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттың қабылданғандығы туралы белгі қояды – 10 (он) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімше басшысына одан әрі қарауы үшін жолдайды – 1 (бір) жұмыс күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындау үшін жібереді – 1(бір) жұмыс күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жібереді – 12 (он екі) жұмыс күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 10 (он) минут;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 10 (он ) минут.

4. Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4 тараудың атауы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.10.2016 № 324 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған, өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-да парольдi енгiзу процесі (авторлау процесі);
      3) 1 - шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және пароль арқылы тiркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын ЭҮП-да тексеру;
      4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекіту;
      6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      7) 2 - шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тізілімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендірме деректерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН сәйкестігін тексеру;
      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 - процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
      11) 3 - шарт –көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      12) 8 - процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      9. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және ресімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізу (авторлау процесі);
      2) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгені туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастыру;
      4) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      5) 4 - процесс – "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына/"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      6) 2 - шарт – ЖТ МДБ-да /ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;
      7) 5 - процесс – ЖТ МДБ-да /ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 - процесс – қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
      9) 7 - процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да өңдеу;
      10) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін тексеруі;
      11) 8 - процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық-жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы ЭҮП-да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама


Аяқтаушы хабарлама


Аралық хабарлама


Аяқтайтын қарапайым оқиға


Қате


Ақпараттық жүйе


Процесс


Шарт


Хабарлама ағыны


Басқару ағыны


Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

  "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы

      


Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама


Аяқтаушы хабарлама


Аралық хабарлама


Аяқтайтын қарапайым оқиға


Қате


Оқиғалар-таймерлер


Ақпараттық жүйе


Процесс


Шарт


Хабарлама ағыны


Басқару ағыны


Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

  "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3- қосымша

"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Шартты белгілер:


мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы


таңдау нұсқасы


көрсетілетін қызметті алушы ресімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы


келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.