"Жалағаш аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 4965 болып тіркелді

Қолданыстағы

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                            Т.Дүйсебаев

      Жалағаш ауданы әкімдігінің
      2015 жылғы “27” наурыздағы
      № 48 қаулысымен бекітілген

       “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

       1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бағынысты ведомстволары бар.
      3. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық білім бөлімі” басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, № 3.
      10. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

       2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      16. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған;
      2) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық жүйелерге шығу;
      3) ауданның білім беру ұйымдарының жұмысына тікелей басшылық жасауды жүзеге асыру;
      4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;
      5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз етуін белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асыру;
      6) білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жасау, ұйымдастыру және оны өз құзыреті шегінде жүргізіп отыру;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау, ережеге сәйкес педогог қызметкерлерді аттестаттау;
      8) мектепке дейінгі, мектептен тыс және жалпы білім беру ұйымдарынан жоғары тұрған органдарға оқушылар қозғалысы туралы, педагогикалық кадрлар туралы, статистикалық есеп беріп отыру;
      9) аудан деңгейінде педагог-кадрларды әдістемелік кабинет арқылы әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру, педагог-кадрлардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, көтермелеу шараларын қарастыру;
      10) өз құзырындағы мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімі шешім, өкімдерінің жобасын дайындауға, ауданда білім беруді дамытудың бағдарламасы мен жоспарын жасауға қатысу.
      17. Функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қамтамасыз етеді;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      7) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      8) заңнамада белгіленген тәртіппен оқушылардың кейбір санаттарына міндетті оқу қоры есебінен бөлінген қаржыдан әлеуметтік қолдау көрсету, тегін және жеңілдетілген тамақтандыруын, жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға басшылық жасау;
      9) дамуында әртүрлі ауытқулары бар, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы Қазақстан Республикасының өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың келісімімен ұсынылатын арнайы көмекке мұқтаж балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды анықтайды;
      10) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті тұрғын үймен қамтамасыз етуді;
      11) заңнамамен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерден өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      аудан бюджетінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарының басқару органы болуға, білім беру ұйымдарының штаттық және тарифтік кестесін бекітуге;
      сотқа талаппен жүгінуге құқығы бар;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауап беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

       3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) сектор меңгерушісінің және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзіретінің шегінде бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      23. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

       4. Мемлекеттік органның мүлкi

      24. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiліп берілген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

       5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

       “Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі

      1. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 31 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Ілияс Қабылов атындағы № 32 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 33 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Әбдрашит Бердаулетов атындағы № 34 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Алдаберген Бисенов атындағы № 38 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 114 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 115 негізгі мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 116 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Әбдікәрім Оңалбаев атындағы № 117 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 118 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 119 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Темірбек Жүргенов атындағы № 123 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 201 орта мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 202 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№ 203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Мардан Байділдаев атындағы № 232 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Шекер Ермағанбетова атындағы № 246 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      21. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Жалағаш ауданының психологиялық- медициналық-педагогикалық-консультациясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Жалағаш аудандық балалар әуез мектебі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      23. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Жалағаш аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектеп” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мекемесі;
      24. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Жалағаш аудандық оқушылар үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      25. Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Ақтерек сауықтыру лагері” коммуналдық қазыналық кәсіпорны.