1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4736 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 50 шығарылымында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық | Қармақшы аудандық |
мәслихатының кезекті | мәслихатының хатшысы |
41-сессиясының төрағасы | |
_____________М. Ибраев | _____________М. Наятұлы |