1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық | Қызылорда облыстық |
мәслихатының | мәслихатының |
39-сессиясының төрағасы | хатшысы |
Р. Байназарова | А. Әлназарова |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешiмiне 1-қосымша |
Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешiмiне 2-қосымша |
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4158 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2006 жылғы 21 шілдеде жарияланған.);2. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 325 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4170 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2007 жылғы 20 қаңтарда жарияланған.);
3. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 374 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4188 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2007 жылғы 15 мамырда жарияланған.).