«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «9» қыркүйектегі
№ 151 қаулысымен бекітілген
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 3-2/378 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы өтініш жолдауы.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бес минуттан аспайды);
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (бес минуттан аспайды);
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті қарайды, анықтама дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он минуттан аспайды);
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (бес минуттан аспайды);
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері анықтаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (бес минуттан аспайды).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
4) Орталық қызметкері.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) және өзге ұйымдар арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Орталықпен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
4. Орталықпен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Орталыққа және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Орталық арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады;
көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Орталық арқылы алған кезде көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді;
2) Орталық қызметкері өзінің электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы порталға көрсетілетін қызметті алушының деректерін тіркейді, анықтаманы басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді, көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (отыз минуттан аспайды).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
11. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен парольдің көмегі арқылы порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН және парольді (расталу үдерісі) енгізеді;
3) ЖСН мен пароль енгізілгеннен кейін порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің шынайылығы тексеріледі;
4) көрсетілетін қызметті алушы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» қызметін таңдайды, осы кезде экранға қызмет көрсету үшін электронды сұраныс нысаны шығады және көрсетілетін қызметті алушы оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, берілген нысанды толтырады (деректерді енгізу);
5) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ-сы арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсетуге толтырылған сұраныстың нысанына қол қояды;
6) порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі және қайтарылып алынған (жойылған) тізімінде болмауы, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігі тексеріледі;
7) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) «электрондық үкіметтің шлюзі»/«электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» арқылы электрондық тізілімге жолданады;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жауабы - анықтама немесе электронды реестрде мәліметтердің жоқтығы жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну туралы өтініші бар жауап қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетіне» жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
3 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы |
өтінішті тіркейді |
өтінішті қарайды |
өтінішті қарайды және анықтама дайындайды |
анықтамаға қол қояды |
анықтаманы тіркейді |
4 |
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі |
өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады |
өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды |
анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады |
анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды |
анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді |
5 |
Орындалу мерзімі |
5 минуттан аспайды |
5 минуттан аспайды |
10 минуттан аспайды |
5 минуттан аспайды |
5 минуттан аспайды |
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі |
1 |
2 |
Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
Орталық қызметкері |
3 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы |
өзінің ЭЦҚ-сы арқылы порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерін тіркейді немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді |
4 |
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі |
анықтаманы басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді |
5 |
Орындалу мерзімі |
30 минуттан аспайды |
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Орталыққа жүгінген кезде:
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі
туралы анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Орталыққа жүгінген кезде:
Шартты белгілемелер:
Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «9» қыркүйектегі
№ 151 қаулысымен бекітілген
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін облыс бойынша жиынтық акт.
Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық колтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат түрінде жіберіледі.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі - өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесімен бірге (бұдан әрі - құжаттар) ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы сұраныс жолдауы.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, сондай-ақ құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылған өтінім көшірмесін (бұдан әрі – өтінімнің көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9987 болып тіркелген) бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасында (бұдан әрі – қағида) белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын субсидиялау бағыттары бойынша құжаттарымен толықтырады (үш жұмыс күні ішінде);
5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының қағидада белгіленген өндіріс деңгейіне сәйкестігін айқындайды, аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жиынтық акті (бұдан әрі - жиынтық акт) жасайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне (бұдан әрі - әкім) бекітуге ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);
6) әкім жиынтық актіні бекітеді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды және жиынтық актіні басқармаға жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
8) басқарманың кеңсе қызметкері құжаттар мен жиынтық актіні тіркейді және басқарманың басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);
9) басқарма басшысы құжаттар мен жиынтық актіні қарайды және басқарманың орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
10) басқарма орындаушысы жиынтық актіні журналға тіркейді, жиынтық актіні қағиданың өлшемдері мен талаптарына сәйкестігін қарастырады, сәйкес келмеген жағдайда - қайтару себептерін көрсете отырып, жиынтық актіні пысықтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады (бұдан әрі – пысықтауға қайтару) (үш жұмыс күні ішінде);
11) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні басқармаға қайта ұсынады, мүмкін болмаған жағдайда, қайтарып беру себептерін жазбаша көрсете отырып, құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне қайтарады (бұдан әрі – бас тарту туралы хат) (бес жұмыс күні ішінде);
12) жиынтық акті қағиданың өлшемдері мен талаптарына сәйкес келген жағдайда басқарма орындаушысы жиынтық актіні мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қарауына ұсынады (комиссия отырысы өткізілетін күні);
13) комиссия отырыс қорытындысымен облыс бойынша жиынтық акті жасайды және комиссия төрағасына бекітуге ұсынады (үш жұмыс күні ішінде);
14) комиссия төрағасы комиссиямен ұсынылған облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді және басқармаға жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
15) басқарма облыс бойынша жиынтық актіні көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды (үш жұмыс күні ішінде).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге көрсетілетін қызметті берушілердің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге көрсетілетін қызметті берушілер тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
4) әкім;
5) комиссия;
6) комиссия төрағасы;
7) басқарманың кеңсе қызметкері;
8) басқарма басшысы;
9) басқарма орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталда тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс (бұдан әрі – электрондық сұраныс) пен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы электрондық сұраныс пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, электрондық сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (он бес минуттан аспайды);
3) электрондық сұраныс пен құжаттар қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары осы регламенттің 6-тармағының 2-15) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының банктік есепшотына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін жиынтық актінің қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолданғаны жөнінде хабарлама жолдайды (он бес минуттан аспайды).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы |
Әкім |
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы |
Басқарманың кеңсе қызметкері |
3 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы |
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінім көшірмесін береді |
құжаттарды қарайды |
құжаттардың қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, құжаттарды толықтырады, көрсетілетін қызметті алушының тиісті өндіріс деңгейіне сәйкестігін айқындайды және жиынтық акті жасайды |
жиынтық актіні бекітеді |
құжаттарды және жиынтық актіні басқармаға жолдайды |
құжаттар мен жиынтық актіні тіркейді |
4 |
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі |
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады |
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды |
жиынтық актіні әкімнің бекітуіне ұсынады |
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды |
басқарманың басшысына ұсынады |
|
5 |
Орындалу мерзімі |
30 минуттан аспайды |
30 минуттан аспайды |
5 жұмыс күні ішінде |
3 жұмыс күні ішінде |
3 жұмыс күні ішінде |
30 минуттан аспайды |
кестенің жалғасы
1 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
2 |
Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
Басқарма басшысы |
Басқарманың орындаушысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы |
Басқарманың орындаушысы |
Комиссия |
Комиссия төрағасы |
Басқарма |
3 |
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы |
құжаттар мен жиынтық актіні қарайды |
жиынтық актіні журналға тіркейді, жиынтық актінің қағиданың өлшемдері мен талаптарына сәйкестігін қарастырады және сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге пысықтауға қайтарады |
түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні басқармаға қайта ұсынады, мүмкін болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттарды бас тарту туралы хатпен қайтарады |
жиынтық акті қағиданың өлшемдері мен талаптарына сәйкес келген жағдайда жиынтық актіні комиссияның қарауына ұсынады |
отырыс қорытындысымен облыс бойынша жиынтық акті жасайды |
комиссиямен ұсынылған облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді |
облыс бойынша жиынтық актіні көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды |
4 |
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі |
басқарманың орындаушысына жолдайды |
жиынтық актіні комиссия төрағасына бекітуге ұсынады |
жиынтық актіні басқармаға жолдайды |
||||
5 |
Орындалу мерзімі |
30 минуттан аспайды |
3 жұмыс күні ішінде |
5 жұмыс күні ішінде |
комиссия отырысы өткізілетін күні |
3 жұмыс күні ішінде |
3 жұмыс күні ішінде |
3 жұмыс күні ішінде |
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3–қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
диаграмманың жалғасы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
бизнес-процестер анықтамалығының жалғасы
Шартты белгілемелер: