«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «2» қыркүйектегі
№ 144 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі – өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11432 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінімді қабылдаған күні және уақыты, лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон (бұдан әрі – талон) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды пысықтауға қайтарады (бес жұмыс күні ішінде), көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) тізімін айқындау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің (бұдан әрі – әкім) шешімімен құрылатын ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына ұсынады (үш жұмыс күні ішінде);
5) ВАК ұсынылған құжаттарды қарайды, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үміткер АШТӨ тізімін жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемін бөледі (үш жұмыс күні ішінде);
6) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге дақылдардың түрлері бойынша нақты алаңдары мен себу мерзімдерін көрсете отырып, егіс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынады (егін егу науқаны аяқталғаннан кейін);
7) көрсетілетін қызметті беруші егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскіндердің болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында ВАК мүшелерінің АШТӨ шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады (он жұмыс күні ішінде);
8) тексеру қорытындылары бойынша ВАК өткен жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса алғанда АШТӨ егістіктері мен екпелерін қабылдау актісін (бұдан әрі – акт) жасайды және актіні бекіту үшін әкімге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
9) әкім актіні бекітеді және ВАК-ға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
10) ВАК акті және көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар негізінде егісті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін тізім жасайды және бекітуге әкімге жолдайды (бес жұмыс күні ішінде);
11) әкім тізімді бекітеді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);
12) тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне бас тарту себептерін көрсете отырып, тиісті анықтама береді (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) (екі жұмыс күні ішінде) және тізімді, акті мен анықтаманы басқармаға жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
13) басқарма ұсынылған құжаттарды тексереді, АШТӨ бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості мен төлем шоттарын қалыптастырады (бұдан әрі – төлем құжаттары) және төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады (үш жұмыс күні ішінде).
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
4) әкім;
5) ВАК;
6) басқарма.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы
1 | Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
---|---|---|---|---|---|---|
2 |
Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы |
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі |
Қөрсетілетін қызметті беруші |
3 | Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы |
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне талон береді |
құжаттарды қарайды |
құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды пысықтауға қайтарады |
көрсетілетін қызметті берушіге дақылдардың түрлері бойынша нақты алаңдары мен себу мерзімдерін көрсете отырып, егін егу науқанының аяқталғаны туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынады |
егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң ВАК мүшелерінің АШТӨ шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады |
4 | Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі |
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады |
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды |
көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды ВАК-тың қарауына ұсынады |
||
5 | Орындалу мерзімі |
15 минуттан аспайды |
30 минуттан аспайды |
құжаттарды пысықтауға қайтару кезінде - 5 жұмыс күні ішінде; құжаттарды ВАК-тың қарауына ұсыну кезінде – 3 жұмыс күні ішінде |
егін егу науқаны аяқталғаннан кейін |
10 жұмыс күні ішінде |
кестенің жалғасы
1 | Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
2 | Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
ВАК |
Әкім |
ВАК |
Әкім |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Басқарма |
3 | Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы |
тексеру корытындылары бойынша акт жасайды |
актіні бекітеді |
акті мен ұсынылған құжаттар негізінде тізім жасайды |
тізімді бекітеді |
АШТӨ тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне дәлелді бас тартуды береді және тізімді, акті мен анықтаманы басқармаға жолдайды |
ұсынылған құжаттарды тексереді және төлем құжаттарын қалыптастырады |
4 | Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі |
актіні бекіту үшін әкімге жолдайды |
актіні ВАК-ға жолдайды |
тізімді бекітуге әкімге жолдайды |
тізімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды |
төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады |
|
5 | Орындалу мерзімі |
3 жұмыс күні ішінде |
2 жұмыс күні ішінде |
5 жұмыс күні ішінде |
2 жұмыс күні ішінде |
дәлелді бас тартуды беру кезінде – 2 жұмыс күні ішінде; тізімді, акті мен анықтаманы жолдау кезінде - 3 жұмыс күні ішінде |
3 жұмыс күні ішінде |
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
бизнес-процестер анықтамалығының жалғасы
Шартты белгілемелер: